Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әлеуметтік салаға бөлінетін қаржы көлемі артады - АРҚА АЖАРЫ

Әлеуметтік салаға бөлінетін қаржы көлемі артады

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс 51-інші сессиясы болып өтті. Онда «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды.

Сессияда облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы 2020-2022 жылдарға арналған облыс бюджетіндегі қаражатты қайта бөлу жобасын ұсынды. Онда әлеуметтік салаға басым көңіл бөлініп, мұғалімдерге еңбекақы төлеуге, медициналық жабдықтарды, дәрілік және дезинфекциялық құрал-жабдықтарды сатып алуға қаржы қарастыру жөнінде айтылды.
Әлеуметтік қамтамасыз ету саласында Целиноград және Бұлан-ды аудандарындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің еңбекақы төлеуге қосымша қаражат бөлінбекші. Сондай-ақ, бюджеттен коммуналдық шаруашылыққа, автомобиль жолдарын ұстауға және жөндеуге де қаражат қарастырылып отыр. Азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға қомақты қаражат жұмсау ұсынылды.
Сонымен бірге, Ақмола облыстық мәслихатының «Ақмола облысының ауылдық елді мекендерінде кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізілді.
Сессияда сондай-ақ, ұйымдастырушылық сипаттағы басқа да мәселелер қаралды.

Ырысалды АХМЕТҚАЛИЕВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар