Ауруханаларға тіркелу науқаны аяқталды

15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында Қазақстанда медициналық ұйымдарға тіркелу науқаны өткізілген болатын. Облысымызда бұл шара қалай жүргізілгені туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте  Ақмола облысы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жетекшісі Әлия Жүсіпова айтып берді.

ор жетекшісінің айтуынша, 2021 жылға алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне тұрғындардың тіркелу науқанының қорытындысы бойынша облыста емханаларға тіркелген азаматтардың саны 787 988 адамды құраған. Ал, жалпы биылғы науқан кезінде медициналық ұйымдарға 3 654 адам тіркелген. Осы ретте, айта кету қажет тіркеу науқанына алғаш рет Көкшетау қаласындағы «Авиценна» медициналық мекемесі қатысып, сол себепті  облыста алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдардың саны 25-ке жеткен. Тіркеу науқаны электронды үкімет порталы арқылы онлайн жүргізілген.

Облыс бойынша ықтимал жеткізушілердің мәліметтер базасында 80 денсаулық сақтау субъектісі тіркелген. Олардың 38-і мемлекеттік және 42-сі жекеменшік медициналық ұйымдар. 2020 жылға 47 медициналық ұйыммен 114 келісімге қол қойылған. Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында 50 және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында 64 келісімшарт жасалған.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар