ӨHYPERLINK «https://aqmolacom.kz/kz/»ңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облыстық цифрландыру және архивтер басқармасына қарасты «Смарт Ақмола» мекемесінің басшысы Әнелұлан Дастан «iKomek 109» бірыңғай байланыс орталығының жұмысы туралы баяндады.
Орталық жергілікті тұрғындардың мемлекеттік органдармен және коммуналдық қызметтермен өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін тиімді цифрлық алаң ретінде тәулік бойы жұмыс істейді. Тұрғындар оған 109 қысқа нөмірі арқылы, сондай-ақ, Telegram-боттар мен әлеуметтік желілерді қоса алғанда, цифрлық байланыс арналары арқылы жүгіне алады. Бірыңғай байланыс орталығының басты міндеті – өтінішті жай ғана қабылдап қою емес, оның барлық кезеңдерден өтуін қамтамасыз ету. Атап айтқанда, өтінішті тіркеуден бастап, жауапты ұйымды анықтау, орындау мерзімдерін бақылау және оның нақты орындалуы туралы ақпарат алып отыру.
–Орталық жұмысының ырғағы халықтың белсенділігі артып келе жатқанын көрсетеді. Мәселен, 2026 жылдың тоғыз айында «iKomek 109» орталығына азаматтардан 45011 өтініш түскен. Былтырғы салыстырмалы кезеңде 41384 өтініш қабылданған болатын. Осылайша, ағымдағы жылдың тоғыз айының өзінде өтініштер саны өткен жылдың жалпы көрсеткішінен 3627 өтінішке немесе 8,8 пайызға асып түсті. Барлық өтініштердің ішінде 39051 өтініш 109 нөмірі арқылы, ал, 5960 өтініш цифрлық арналар арқылы келіп түскен. Бұл телефон арқылы жүгіну халықпен байланыстың негізгі тәсілі болып қала беретінін, сонымен қатар, цифрлық арналардың да өтініш берудің сұранысқа ие құралдарының біріне айналып келе жатқанын көрсетеді.
Өтініштердің негізгі бөлігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына, абаттандыруға және қалалық инфрақұрылымның жағдайына қатысты. Есепті кезеңде ең көп қамтылған мәселелер мыналар болды: электрмен жабдықтау – 4 жарым мыңдай, құдықтар мен люктер – 2 мыңнан астам, қатты тұрмыстық қалдықтар – 1 886, сумен жабдықтау – 1 432 және санитарлық тазарту – 1 348 өтініш. Осылайша, тұрғындар бірінші кезекте күнделікті өмірдің жайлылығы мен қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін жайларға назар аударады.
Ең көп 16 854 өтініш облыс орталығы Көкшетау қаласынан келіп түсті. Целиноград ауданынан – 4 054 өтініш, Қосшы қаласынан да 3 721 өтініш тіркелді. Сондай-ақ, Степногорск, Атбасар, Аршалы қалалары мен аудандарынан және облыстың басқа да елді мекендерінен өтініштер келіп түсуде. Жалпы алғанда, жүйе өңірдің барлық аумағынан өтініштерді қабылдауды қамтамасыз етеді.
Ақмола облысы әкімінің 2026 жылғы 14 қыркүйектегі №50 өкімімен мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өңір тұрғындарының өтініштерін өңдеу жөніндегі қызметін үйлестіру және өзара іс-қимыл жасау алгоритмі бекітілді. Оның маңызды ережелерінің бірі – өтініштерді жоғары, орташа және стандарттыүш сындылық деңгейіне бөлу. Жоғары деңгей – адамның өмірі мен денсаулығына тікелей немесе ықтимал қатер төндіретін немесе елеулі қоғамдық қауіп тудыратын өтініштер. Мұндай өтініштер ұзарту мүмкіндігінсіз, 24 сағатқа дейінгі мерзімде дереу орындалуы тиіс. Орташа деңгей – шұғыл шешуді талап ететін, бірақ, адам өмірі мен денсаулығына тікелей қатер төндірмейтін өтініштер. Оларды орындау мерзімі 72 сағаттан аспайды. Стандартты деңгей – шұғыл араласуды талап етпейтін және қауіппен байланысты емес өтініштер. Оларды орындау мерзімі 10 күннен аспайды.
Бұл ретте, сындылық деңгейі тек өтініштің тақырыбына ғана емес, нақты жағдайға да байланысты анықталатынын атап өткен маңызды. Тіркелгеннен кейін өтініш құзыретті орынға жіберіліп, оның одан әрі орындалу барысы және белгіленген мерзімдердің сақталуы бақыланады. Жауапта атқарылған жұмыстар туралы нақты ақпарат көрсетілуі тиіс, қажет болған жағдайда растайтын фото және бейнематериалдар қоса беріледі.
– Өтінішнәтижелерін «iKomek 109» күн сайын қадағалайды. Бұл мерзімдердің бұзылуын уақытылы анықтауға мүмкіндік береді. Есепті кезеңде «Таза Қазақстан» платформасымен өзара іс-қимыл шеңберінде 553 өтініш келіп түсті. Оның 472-сі орындалды, 3-еуі қаралуда, ал, 78-і қызмет талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты есептен шығарылды. Жұмыстың қосымша құралдарының бірі – аэромониторингтің көмегімен аумақтарды патрульдеу жүргізіліп, рұқсат етілмеген қоқыс орындары мен абаттандыру саласындағы басқа да бұзушылықтар анықталды, – деді брифинг барысында Әнелұлан Дастан.
Басшының айтуынша, өткен тоғыз айдың қорытындысы өтініштер санының өскенін және халықпен жұмыс істеу құралдарының кеңейгенін көрсетеді. Бүгінгі таңда «iKomek 109» – бұл жай ғана нөмір емес, өтініштерді қабылдауды, оларды бөлуді, мерзімдерін бақылауды, жауапты қызметтермен өзара іс-қимылды және нәтижелерді талдауды біріктіретін халыққа да, қоғамға да пайдалы жүйе.
Бейбарыс ШАЛАБАЕВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
![]()

