Көші-қон мен диаспора мәселесін әлі де зерттеу керек

Біз өз тәуелсіздігімізді жариялағаннан кейінгі алғашқы дербес елдігімізді тарихтың аса бір күрделі де нәубетті кезеңдерінде жер бетіне тарыдай шашырап кеткен халқымызды өз атажұрттарына шақырудан бастаған елміз. Бұл орайда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылдың 31 желтоқсан күні Қазақ радиосы арқылы сөз сөйлеп, шет елдердегі қазақтарға үн қатып, оларды өз ата мекендеріне оралуға шақырған-ды.

Кезінде кеңестік жүйенің солақай саясатының зардабынан, әсіресе, елді еріксіз отырықшылдыққа мәжбүрлеу мен коллективтендіру үшін алдарындағы малдарын тартып алуға көнбей, одан соңғы 20-30 жылдардағы аштықтан  бас сауғалап, шет ел асып кеткен түрлі жағдайларға байланысты, әсіресе, коллективтендіруге көнбей, одан кейін ашаршылық жайлаған 20-30-шы жылдары шет елдерге жан сауғалап көшіп кеткен қазақтардың ұрпақтары бұл шақыруды қуана қарсы алған болатын. 1992 жылы Алматыда Дүниежүзі қазақтарының бірінші Құрылтайы өтіп, бұл жиында Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйледі. Алматыдағы осы құрылтайдан соң Қазақстанға шет елдердегі қазақтардың көші ағылып, келе бастады. Көш әлі де тоқтап қалған жоқ. Тәуелсіздік жылдары Моңғолия, Қытай, Ресей, Өзбекстан және өзге де алыс және жақын шет елдерден Қазақстанға 1,5 миллионға жуық қандастарымыз көшіп келіп, олар қазір еліміздің  барлық салаларының дамуына үлес қосып жүр.Кезінде кеңестік жүйенің солақай саясатының зардабынан, әсіресе, елді еріксіз отырықшылдыққа мәжбүрлеу мен коллективтендіру үшін алдарындағы малдарын тартып алуға көнбей, одан соңғы 20-30 жылдардағы аштықтан  бас сауғалап, шет ел асып кеткен түрлі жағдайларға байланысты, әсіресе, коллективтендіруге көнбей, одан кейін ашаршылық жайлаған 20-30-шы жылдары шет елдерге жан сауғалап көшіп кеткен қазақтардың ұрпақтары бұл шақыруды қуана қарсы алған болатын. 1992 жылы Алматыда Дүниежүзі қазақтарының бірінші Құрылтайы өтіп, бұл жиында Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйледі. Алматыдағы осы құрылтайдан соң Қазақстанға шет елдердегі қазақтардың көші ағылып, келе бастады. Көш әлі де тоқтап қалған жоқ. Тәуелсіздік жылдары Моңғолия, Қытай, Ресей, Өзбекстан және өзге де алыс және жақын шет елдерден Қазақстанға 1,5 миллионға жуық қандастарымыз көшіп келіп, олар қазір еліміздің  барлық салаларының дамуына үлес қосып жүр.Соңғы кездері  Қазақстан халқы арасында этносаралық қатынас, көші-қон және елдегі қазақ диаспорасының мәселесі тағы да кеңінен талқыланатын тақырыптардың біріне айналды. Әрине, бұл мәселенің біздің қоғамды алаңдатуы да және күн тәртібінде туындауы да кездейсоқтық емес. Біріншіден, жалпы қазіргі жаһандану дәуірінде диаспора мәселесі әрбір ұлттық мемлекет халқының тарихи сана-сезімі мен рухани дамуына ықпал ететін басты саяси мәнге ие болады. Екіншіден, әлі де шетелдерде тарыдай шашылып жүрген қандастарымыз бен өз туған жерінде атам заманнан бері тұрып жатқан  отандастарымыздың тарихы мен мәдени мұрасының  қазақ халқының біртұтас рухани дүниесін құрауы тиіс. Бұл жайдың екеуі де Қазақ мемлекетінің саяси-экономикалық дамуындағы басты, басымды бағыттардың бірі де болуы керек.  Қазіргі таңда шетелдегі қандастарымыздың жалпы саны, кейбір деректер бойынша 5,5-7 миллионға жетеді екен. Сонау өткен ғасырдың 90-шы жылдары басталған қазақ  көші-қонының жыры да, сыры да таусылар емес. Алғашында шеттегі қазақтарының өз ата жұрттарына деген ықыласты көштері  рухани сағыныштың арқыраған өзені болып ағылса, кейіннен түрлі тұрмыстық-әлеуметтік жағдайларға байланысты ол біртіндеп,  жылғаға айналды. Сөйтіп, көші-қон үрдісі де прагматикалық үдеріске айналды.   Қазақстанды мекендеп келген түрлі диаспоралардың өкілдері тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында өздерінің  тарихи Отандарына үдере көшкендері де белгілі. ТМД мемлекеттеріндегі саяси-экономикалық дағдарыстар және өндірістік байланыстардың үзілуі еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетіне де өз теріс ықпалын тигізгені анық. Жұмыссыздық және де экономикалық жағдайдың төмендеуі мен түрлі тұрмыстық қиыншылықтар қазақстандықтардың  шетелге, әсіресе, Ресейге көшіп жатқан отбасылар санының жыл сайын артуы да байқалды. Көптеген өңірлерде елді мекендер бос қалып жатты. Соған қарамастан қазақ-репатрианттары үшін квотаның және мемлекеттік қолдаудың жеткіліксіз болғандығы да қазақ көшінің сейіліп кетуіне кері әсер етті. Бұған қоса, азаматтық алу, зейнетақы төлеу, жұмысқа орналастыру және өзге де құжаттарды рәсімдеу үшін әртүрлі бюрократиялық кедергілер  әдеттегі құбылысқа айналып кетті. Қазақстанның өз ішіндегі миграцияның бәсеңсуі байқалады. Халқы тығыз қоныстанған  оңтүстік өңірлерден халық саны аз солтүстік пен шығыс өңірлерге қоныс аударушылардың қатары да сиреп кетті. Қазіргі пандемия жағдайында және одан кейін  де экономикалық дағдарыс салдарынан елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалдың нашарлап,  шағын және орта бизнестің табыстары азайса, бюджетті қысқарту және басқа да ықшамдаулар жүргізілуінің нәтижесінде түрлі этностар мен репатрианттардың өмір сүруіне, сондай-ақ, жалпы халықтың әлеуметтік және көші-қон жағдайына да  әсер етері де анық.  Ресей биыл сәуір айында «Ресей азаматтығын алу ережелері» туралы жаңа заң қабылдады. Соған сәйкес ендігі арада бірқатар елдердің, соның ішінде Қазақстан мен Беларусь азаматтары да   өздері тұрып жатқан мемлекеттің азаматтығынан бас тартпай-ақ,  Ресейде тұру мерзіміне қарамастан Ресей мемлекетінің азаматтығын алуды заңдастырып қойды. Міне, осы жайдың өзі-ақ және Қазақстандағы қазіргі көші-қон мен демографиялық процестердің нашарлауы, еңбек ресурстарының төмендеуі, еліміздің қаржы-экономикалық саласының күрделі ахуалы мен өзге де мәселелер таяу арада этносаралық қатынастарды дамытудың, көші-қон мен ішкі қоныс аудару мәселелерін ретке келтірудің жаңа бағдарламасын әзірлеуді талап етеді.Бұл үшін этносаралық қатынастарды, көші-қон мен демографиялық, сондай-ақ, диаспоралық саясатты дамыту мәселелері бойынша нақтылы талдау мен мониторинг жүргізу керек. Содан соң сол талдаулардың нәтижесі бойынша  бағдарлама әзірлеу үшін  дербес мемлекеттік құрылым  құрылуы қажет. 1997-2004 жылдар аралығында  осындай құрылымның бірі  Көші-қон және демография агенттігі болатын  еді. Ал, қазіргі уақытта осы Агенттіктің жұмысы Еңбек және әлеуметтік қорғау, Ішкі істер, Ақпарат және қоғамдық даму, Сыртқы істер министрліктері, ҚХА, сондай-ақ, «Отан-дастар қоры» сияқты кейбірі мемлекеттік мекемелерге, кейбірі қоғамдық ұйымдарға бөлініп берілді де, істің соңы сұйылып бара жатқан сыңайлы. Алайда, уақыт озған сайын,  көші-қон, демография және диаспора мәселелері де әлі күнге дейін Қазақстанның  маңызды әрі өзекті мәселесі болып отыр.Алдағы уақытта Қазақстанның орта мерзімді және ұзақ мерзімді  көші-қон-демографиялық және диаспоралық саясатын дамытудың стратегиясы мен бағдарламасын әзірлеу үшін оның ғылыми-теориялық және қолданбалық жағынан қамтамасыз етілуі маңызды жай болып саналады.  Сонымен бірге, осы саланың перспективалы бағыттарын айқындау, ғылыми кадрлар даярлау, жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларына осы мәселелерді зерттеу бойынша пәндерді енгізу де қажет  болып табылады. Көші-қон және диаспоралық мәселелер бұған дейін Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия және өзге де шетелдік ғалымдардың қатысуымен өтетін ғылыми-практикалық конференцияларда, семинарларда талқыға түсіп, сондағы айтылған мәселелердің барлығы да жарияланып тұратын. Бұл жұмысты «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының қолдауымен Ғылым Академиясының Тарих және этнология, Әдебиет және өнер институттары атқарып келгендігін  атап өту де қажет. Ғылыми-зерттеулер жарияланып, диссертация-лар қорғалды, диаспора мен демографиялық зерттеулердің өзіндік қазақстандық мектебі қалыптасты. Қазақстандық академиктер М.Қозыбаев, М.Асылбеков, белгілі ғалымдар М.Тәтімов, Г.Мендіқұлова, Алексеенколардың әкесі мен ұлы, З.Қинаят, З.Кабулдинов, Ж.Ермекбай және басқа да ғалымдардың еңбектері әрдайым жоғары бағаға ие болып, қызығушылық тудырып келді.Соңғы жылдары ғылыми-зерттеулер көбіне қазақ диаспорасының тарихы мен этномәдени-этнологиялық мұрасын зерттеуге, отандастардың әлеуметтік-мәдени бейімделуіне, әлеуметтік сауалнама жүргізуге және қазақтардың шетелдегі рухани-мәдени қажеттіліктерін іс жүзінде іске асыруға бағытталып келеді. Бұл ретте көші-қон-демографиялық процестердің, олардың еліміздің экономикалық дамуы мен ұлттық қауіпсіздігіне әсер етуіне жасалған кешенді саяси талдаудың әлі де аздығы байқалады. Сондай-ақ, Қазақстан жүргізіп отырған диаспоралық-дипломатиялық саясаттың құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және саяси салдарын зерттеуге бағытталған мәселелер зерттеушілердің  тарапынан  тыс қалып жатыр.Бұл орайда Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаевтың елдің саяси, экономикалық, әлеуметтік және гуманитарлық жаңғыруы туралы ұсыныстары мен бастамалары негізінде Қазақстанның этносаралық қатынастары мен көші-қон, демография және диаспоралық процестері саласындағы мемлекеттік саясатты тағы да айқындап, оны белсенділікпен іске асыру да қажет. Осыған орай алдағы уақытта уни-верситеттер мен ғылыми-зерттеу институттары жанынан, ал,  әзірге пилоттық жоба ретінде Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-і жанынан көші-қон, демография және диаспора мәселелерін зерттейтін арнайы ғылыми кафедралар мен орталықтар құруды орынды деп санаймыз. Мұның әлем бойынша бүгінгідей миграцияның күшеюі мен мигранттар мәселесінің күрделене түсуі жағдайында Қазақстанның осы салдағы өз саясатын анықтап, жүргізіп отыру үшін қажет болары анық.

Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ,
Парламент Сенатының әлеуметтік мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар