Денсаулық сақтау министрінің коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты мәліметі бойынша қазіргі уақытта 11 218 адам ем қабылдауды жалғастыруда.
Олардың арасында 650 бала бар. Стационарларда 3 289 науқас емделіп жатқан болса, 7 929 адам амбулаторияда емделіп жүр. Жалпы науқастардың арасында 211 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 28 науқастың жағдайы өте ауыр. 24 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.