Өңірімізде бір тәулікте 91 адамнан коронавирус анықталды

Бүгінгі таңда коронавирус пандемиясының көптеп таралуына байланысты Ақмола облысы «қызыл аймаққа» енгізілгені белгілі. Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметтеріне сүйенсек, үстіміздегі жылдың 1 қазаны мен 29 қараша аралығында өңірде COVID-19 вирусының лабораториялық расталған 1676 дерегі анықталған.

Соның ішінде, 1173 науқаста індеттің симптомды, ал, 503 науқаста симптомсыз түрі тіркелген. Жағдайлардың 48 пайызы науқастардың емханаға өздері барып қаралуы кезінде анықталған. 38 пайызы бұрын вирус жұқтырған науқастармен байланыста болғандар. Науқастардың 14 пайы-зына профилактикалық скрининг кезінде COVID-19 диагнозы қойылған.
Соңғы апта ішінде, яғни, 23-29 қараша аралығында облысымызда коронавирус инфекциясын жұқтырған 547 науқас тіркеліп, өсім 1,6 есені құраған. Өткен тәуліктің өзінде індеттің 91 дерегі белгілі болып отыр. Санитарлық-эпидемиологиялық мамандардың айтуынша, соңғы апталарда вирус жұқтырған науқастардың саны жедел көбейіп келеді. Бұл да өз кезегінде облыстың «қызыл аймақтан» шығуына тосқауыл болары анық. Жалпы, CORONAVIRUS.kz сайтында жарияланған мәліметтерге сүйенсек, еліміз бойынша өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 43 жағдайы тіркелді. 41 адам емделіп шықты. 1 тамыздан бергі өткен уақытта ауырғандар – 42147 болса, 443 өлім жағдайы тіркелді, ал, жазылып шыққандардың саны 30535-ке жетті.
Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар