Коронавирусқа қарсы антиденелері бар сәби дүниеге келді

Сингапурда бойында коронавирус жұқпасына қарсы иммунитеті бар ұл бала дүниеге келді. Дәрігерлер баланың бойында Covid-19 жұқпасына қарсы антиденелердің бар екендігін анықтаған.

Бұл туралы Сингапурдың жергілікті The Straits Times басылымында жарияланған.
Басылымның хабарлауынша, 31 жастағы Селин Нг-Чан есімді әйел жүктілік кезінде коронавирусқа шалдығып, емделіп шыққан. Оған жүктіліктің оныншы аптасында Covid-19 диагнозы қойылыпты. Кейін айы-күні жеткенде ол Алдрин атты ер баланы дүниеге әкелді. Сәбиінің бойынан қазіргі уақытта әлемді жайлаған аты жаман індетке қарсы антиденелер бар екендігі анықталды.
Дүниеге сәби әкелген ананың айтуынша, педиатр дәрігер оған өзінің бойынан SARS-Cov-2 вирусына қарсы антиденелердің жоғалғанын айтқан. Дәрігер бұл антиденелер анасынан жаңа туған нәрестеге берілген деп болжайды, яғни, Алдриннің коронавирус жұқпасына қарсы иммунитеті бар деп есептейді.
Басымлымның хабарлауынша, Нг-Чанның ұлы – анасының жүкті кезіндегі шалдыққан ауруынан кейін антиденемен дүниеге келген алғашқы ресми тіркелген бала.
Ырысалды ШАМШИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар