Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Жаңа жыл екен» деп шыршаны шырылдатпайық... - АРҚА АЖАРЫ

«Жаңа жыл екен» деп шыршаны шырылдатпайық…

Жер-ана ақ көрпеге оранып, қыс айы да келіп қалды. «Бұқпа» орман шаруашылығы қысқы жұмыстарын қолға алып, өз істеріне жұмыла кірісіп кетті. Алда асыға күткен Жаңа жыл! Әр келген жылдан қуаныш, жақсылық күтеміз.

Шырша тойына дайындық желтоқсан аяғында басталады, Жасыл шыршаны әсемдеп безендіріп, сиқырлы ертегі әлемінде жүргендей күй кешетін, әсіресе, балалардың қуанышына көңіл тойғандай. Десек те орманға ұлықсатсыз барып, ойына келгенді істейтін жандарға тосқауыл болып табиғат жанашырлары, орманшылар қыстың көзі қырауда да, кезекшілік атқарып, күнделікті рейдке шығып тұрады. «Адам аласы ішіңде» – дегендей кей адамдар жасыл желек жамылған шырша ағаштарын аяусыз кесіп, бейберекеттікке барады. Ондай кездерде түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. Бір кештік қызық үшін орманды отауға жол жоқ, қарағайлы орманның ауасы – жанға дауа.
Өзіміз өскен өлкенің табиғатын қорғап, ерен еңбектерімен танылып жүрген әріптестерімді, келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Жұмысымыздың жемісі жасыл желекті – өскіндеріміз. Табиғатты аялап, ертеңгі күні жайқалып өсер орман-тоғайларымызды көздің қарашығындай сақтайық!
Мейрамбек КӘМӘЛИЕВ, «Бұқпа» орман шаруашылығында «Қыпшақ» орманшылығының орман шебері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар