«Намыс» саяси-пікірталас клубының танымдық шаралары

Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасы жанынан құрылған «Намыс» саяси-пікірталас клубы тыңдаушылар арасында саяси және құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытында жұмыс істеп келеді.

Биыл клубтың «Абай тілі – менің тілім», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің тарихи бастамалары», «Тәуелсіздік – халықтың басты байлығы» атты үш отырысы болып өтті. Бұл отырыстар Абайдың 175 жылдығына, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған. Ол іс-шаралардың спикерлері тарихшылар, қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшелері, «Қоғамдық келісім» мекемесі жанындағы мемлекеттік тілді дамыту және насихаттау орталығы, М.Жұмабаев атындағы облыстық кітапхананың қызметкерлері болды. Аталмыш отырыстардағы тақырыптарды талқылауға саяси партиялардың, қоғамдық, этно-бағдарланған бірлестіктердің өкілдері, студент жастардың белсенді тобы қатысты.
«Намыс» саяси клубының отырыстарында қазақстандық қоғамды рухани жаңғырту жолында ұлы Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінің құндылықтары айтылды.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар