«Ақ жолдан» депутаттыққа кандидаттардың тізімі тіркелді

Облыстық сайлау комиссиясының отырысында «Ақ жол» демократиялық партиясы Ақмола облыстық филиалынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттардың тізімін тіркеу туралы мәселе қаралды.

Үстіміздегі жылдың 27 қарашасында облыстық сайлау комиссиясына аталмыш партиядан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер төрт кандидаттың құжаттары ұсынылған. Осы ретте, облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Николай Политкин комиссия мүшелеріне келіп түскен құжаттарды таныстырып, кандидаттардың барлығы заң талаптарына сай келетінін атап өтті. Осы аталғандардың негізінде комиссия партиялық тізімді тіркеуге шешім шығарды.
Комиссия отырысы кезінде облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Сәдуов Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының алдағы сайлауы аясында кандидаттарды тіркеу «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» конституциялық заңына сәйкес жүргізілетінін еске салды.
Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар