Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Волонтер жылының табысты болғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл жыл біздің елімізде ғана емес, бүкіл әлем тарихында аса күрделі кезеңдердің бірі болғанына қарамастан, «қайырымды істер» жалпыұлттық идеясы он мыңдаған қазақстандықтың қайырымдылығы мен жанашырлығының арқасында өмір шындығына айналды. Президенттің пікірінше, отандастарымыз ұлт рухының мызғымас беріктігін, бірлік пен ынтымақтың, тұтастық пен тілектестіктің, шынайы ықылас пен бір-біріне деген қамқорлықтың жарқын үлгісін көрсетті.
– Еріктілер жылы жалынды жастарымыздың бойындағы ең асыл қасиеттерді дәріптеген ерекше жылға айналды. Бұл жанашырлыққа, жауапкершілік пен қамқорлыққа үндеген кезең болды. Біз мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, түрлі қиындықтармен бірге күрестік. Осылайша, адамгершілік құндылықтарды жоғары бағалайтын қоғам екенімізді таныттық. Әлемді жайлаған індет қайырым мен мейірімнің қаншалықты маңызды екенін анық көрсетті. Қауіпті дерт ел-жұрттың денсаулығын ғана емес, бекем бірлігін де сынға алды. Біз бір ел, бір халық болып бұл сынға төтеп бердік, – деді Президент.
Жыл бойы 100 мыңнан астам адам ерікті қызмет көрсетті. Волонтерліктің жаңа бағыттары да тиімді дами бастады. Мемлекет басшысы жанашыр азаматтары көп мемлекеттің болашағы да жарқын болатынын атап өтті. Еріктілер қызметі барша азаматтарымызға үлгі болып, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға жол ашатынына сенім білдірді.
– «Birgemiz» жалпыұлттық бастамасы аз ғана уақытта көптеген мейірімді отандасымызды жұдырықтай жұмылдырды. Олар осындай қиын кезеңде мұқтаж жандарға қол ұшын созды. Аталған бастама аясында «Qamqor», «Saulyq», «Sabaqtastyq» жобалары жүзеге асырылып, жүз мыңдаған тұрғынға көмек көрсетілді. Өзендерді, ормандарды тазалау, ағаш егу, қоқысты сұрыптау жөніндегі «Taza Alem» волонтерлік қозғалысының қызметі де көпшіліктің қолдауына ие болды. Бүгінде экобелсенділік – сән қуу емес, шынайы қажеттілік, өмір қағидаты. Сол арқылы біз табиғатымызды сақтай аламыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент мемлекеттік органдар, архив ұйымдары, ғылыми институттар еріктілердің ресурсын пайдалануы қажет деп санайды. Оның айтуынша, Арыс пен Мақтааралдағы қайғылы оқиғаларды ескере отырып, күрделі техногенді апаттардан кейінгі құтқару жұмыстарын жүргізу үшін еріктілер дайындайтын арнайы оқыту курстарын ашу қажеттігі туындап отыр. Табиғатты және жан-жануарларды қорғау мәселесі де ерекше назар аударуды қажет етеді. Сондай-ақ қайырымдылық қызметіне жүйелі түрде қолдау көрсету мәселесіне де басымдық берген жөн. Президенттің тапсырмасы бойынша қайырымдылық саласындағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік беретін Қайырымдылық туралы заң жобасы әзірленуде.
– Әлеуметтік бағыттағы қызметті ынталандыру және оны қолдаудың баршаға түсінікті әрі тиімді құқықтық тетіктері қажет. Бұл үшін Үкімет атқарылатын міндеттерді пысықтауы тиіс. Қайырымдылық ұйымдарын алғашқы ашылған жылдары және одан кейінгі уақытта дамыту үшін олардың жеңілдетілген несие алуына, мемлекет меншігіндегі нысандарды жеңілдікпен пайдалануына мүмкіндіктер жасау керек. Бизнес пен жеке тұлғалардың қайырымдылық және волонтерлік жобаларға қатысуын жанама ынталандыру үшін оның тиімді тетіктерін, соның ішінде, мемлекеттік қолдау көрсету шаралары кезінде оларға құқықтық басымдық беру маңызды. Қайырымдылық және волонтерлік ұйымдарға мемлекет тарапынан да, бизнес тарапынан да көрсетілетін қаржылай және басқа да көмектердің аясын кеңейту керек. Үкіметке тиісті ұсыныстар әзірлеуді тапсырамын, – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев қайырымдылық қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Қайырымдылық ұйымдарының реестрін енгізу мәселесін ойластыруды тапсырды. Бұл тізбе осы саладағы барлық ақпараттық жүйеге енгізіліп, қайырымдылық ұйымдарының қызметімен, олардың қаржылық есебімен танысқысы келетін кез келген азаматқа қолжетімді болуы тиіс. Электронды қайырымдылық саласында азаматтарды алаяқтардан қорғау жүйесін әзірлеу де маңызды.
– Бүгінде бұл – қаржылай көмек аударудың танымал түрі. Қазақстанның әрбір үшінші азаматы онлайн садақа беруді жөн көреді. Алаяқтыққа жол бермей, азаматтардың сеніміне көлеңке түсірмеу үшін онлайн-банкингтер арқылы садақа беру қызметін жедел пайдалану тетігін енгізу қажет. Бұл қаражаттың түсуін және жұмсалуын бақылауға мүмкіндік береді, – деді Президент.
Мемлекет басшысы волонтерлік ұйымдарды қолдау және оларға арнайы гранттар бөлу жұмысын жалғастыру қажеттігін атап өтті. Қайырымдылық істерді жалғастыру үшін еріктілікті дамытудың жол картасын және оларды даярлауға арналған бағдарлама әзірлеу керек. Үкіметке волонтерлік қызметті қолдаудың бірыңғай стандартын жасау тапсырылды.
– Волонтерлік – бұл жай ғана әлеуметтік құбылыс емес. Тіпті, бір күнде қалыптасатын әдет немесе дағды деуге де болмайды. Бұл – көптеген адамдардың саналы түрде таңдаған өмір салты. Қайырымдылық – адамның бала кезінен бойға сіңетін қасиет. Сондықтан, өскелең ұрпақты жастайынан жақсылық жасауға тәрбиелеу – өте маңызды міндет. Осы ретте, барлық білім беру мекемелерінде тақырыптық сабақтар мен факультативтік сағаттар енгізуді ұсынамын. Қоғамға қызмет етуді зердесіне түйген ұл-қыздарымыз нағыз азамат болары анық. Дана Абай айтқан «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» дәл қазіргі кезеңде ауадай қажет. Бұл асыл қасиеттер волонтер қатарына қосыламын деген әрбір жастың бойынан табылады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының сөзінде волонтерлік және қайырымдылық қызметтердің, сондай-ақ, корпоративтік волонтерлікті дамыту аясында әлеуметтік серіктестіктің әлеуетін арттыруға баса мән берілді.
Қазақстан әлемнің әртүрлі елдеріндегі мұқтаж жандарға көмек қолын созу арқылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Еріктілер бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді атсалысқан елдердің бірі болды. Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-сессиясында Волонтерлерді жұмылдырудың халықаралық жылын жариялау жөнінде ұсыныс айтты. Бұл бастама Қазақстанның волонтерлік дәстүр мен мәдениетті елімізде ғана емес, сондай-ақ, бүкіл әлемде дамытуға ниетті екенін білдіреді.
– Енді санаулы күннен соң біз Тәуелсіздіктің 30 жылдығына қадам басамыз. Бұл – ел дамуындағы аса маңызды белес, тарихи меже. Сондай-ақ жетістігімізді саралап, болашағымызды бағамдайтын кезең. Келер жылғы мерейтойлық іс-шаралардың мазмұнына ерекше мән береміз. Оның әрқайсысы терең мағыналы және қоғам үшін пайдалы болуға тиіс. Сонымен қатар өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беруі шарт. Осыған орай жалпыұлттық деңгейде «Қайырымды істер» марафонын ұйымдастыруды ұсынамын. Бұл – береке-бірлігімізді арттыратын маңызды бастама. Қазіргідей күрделі кезеңде жақсы істер жасауға мән бергеніміз елдігімізді нығайта түсетіні анық. Бұл үшін ұлт болып ұйысудың маңызы зор, – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті пандемияның қиын-қыстау кезінде бейтарап қалмай, халыққа көмектесіп жүрген, сондай-ақ, волонтерлердің бірқатар ұсынысы мен бастамасына қолдау көрсеткен азаматтарға алғыс білдірді.
Іс-шара барысында «Ұлттық Волонтерлік желі» заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы Вера Ким, Арыс қаласының еріктісі Олжас Мамыр, БҰҰ Еріктілер бағдарламасының үйлестірушісі міндетін атқарушы Тойли Курбанов, Теміртау қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Берлікбай Ордабаев, «Қоғамдық бақылау» тобының республика бойынша үйлестірушісі Саида Тәуекелева, Ресей Волонтерлік бастамалар ассоциациясы орталығының төрағасы Артем Метелев, «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің офицері Богдан Петров, «INUCOBO» жан-жануарларды қорғау ұйымының президенті Лилия Сәрсенова, БҰҰ Еріктілерінің халықаралық волонтері Айнұр Қанафина, «Шаг навстречу» штабының еріктісі Максим Панченко, «АВК» Атыраулық еріктілер корпусының басшысы Бекасыл Самиғолла, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрайымы Динара Сәдуақасова сөз сөйледі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Волонтер жылының жабылу рәсімінде сөйлеген сөзі
Қадірлі Еріктілер!
Ең алдымен, барлық волонтерлерге ризашылығымды, алғысымды білдіремін.
Шын мәнінде, сіздер дәл қазіргі кезде еліміз үшін аса қажетті, пайдалы жұмысты атқарып отырсыздар.
Осындай еңбектің арқасында пандемияны да еңсеріп келеміз. Еріктілеріміз ешқандай қауіп-қатерге қарамай, дәрігерлерге, әскери қызметшілерге, қарапайым азаматтарға көмектесті.
Бұл – нағыз ерлік!
Сендерді мақтан тұтамын!
Өте жақсы бастамалар көтерілді, барлығын қолдаймын. Әсіресе, қоғамдық бақылаушы және эковолонтер ретінде белсенді болғандарың қуантады.
Мысалы, Богдан Петровтың ұсыныстарын қолдаймын.
Согласен с мнением Лилии Сарсеновой о совершенствовании законодательства в отношении защиты животных.
Осыдан тура бір жыл бұрын өздеріңізбен бірге Еріктілер жылын ресми түрде ашып, міне, қазір, соның жемісін де көріп отырмыз. Бұл Елбасының бастамасымен өткен Жастар жылының заңды жалғасы болды.
Еріктілер жылы жалынды жастарымыздың бойындағы ең асыл қасиеттерді дәріптеген ерекше жылға айналды.
Бұл жанашырлыққа, жауапкершілік пен қамқорлыққа үндеген кезең болды.
Біз мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, түрлі қиындықтармен бірге күрестік.
Осылайша, адамгершілік құндылықтарды жоғары бағалайтын қоғам екенімізді таныттық.
Әлемді жайлаған індет қайырым мен мейірімнің қаншалықты маңызды екенін анық көрсетті.
Сондықтан, Волонтер жылының дәл биыл өтуі уақтылы және орынды болды деп санаймын.
Қауіпті дерт ел-жұрттың денсаулығын ғана емес, бекем бірлігін де сынға алды.
Біз бір ел, бір халық болып бұл сынға төтеп бердік.
Ауқымды жұмыстар атқарып, көптеген жобаны жүзеге асырдық.
Барлық аймақта ашылған Еріктілердің фронт-офистерінде маңызды бастамалар көтерілді.
Бұл жұмысқа мыңдаған азаматтарымыз атсалысты.
Волонтерлер Отанға қызмет етудің озық үлгісін көрсетті.
Расында, жаны таза адам ғана волонтер бола алады.
Еріктілер – өзгенің мәселесін өз ісіндей көретін жүрегі кең, ниеті дұрыс жандар.
Біздің еліміз дәл осындай азаматтардан кенде емес.
Сіздердің қоғам үшін жасаған пайдалы істеріңіз, көпшіліктің ыстық ықыласы мен ақ батасы – соның айқын дәлелі.
Әрқайсыңыз – шынайы құрметке лайықты нағыз отаншыл азаматсыздар.
Мұны еш күмәнсіз, нық сеніммен айтуға болады.
Сол себепті, менің Жарлығыммен көптеген волонтерлер «Халық алғысы» медалімен марапатталды.
Сіздер сияқты жанашыр азаматтары көп мемлекеттің болашағы да жарқын болмақ.
Еріктілер қызметі барша азаматтарымызға үлгі болып, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға жол ашады деп сенемін.
Дорогие друзья!
Год волонтера успешно завершается.
Благодаря милосердию, отзывчивости десятков тысяч казахстанцев общенациональная идея «добрых дел» стала реальностью. Но дела волонтеров продолжаются. Конечно же государство, и я как Глава государства, будем оказывать всяческую поддержку вам – благородным людям с чистыми позывами и чистой совестью.
Все вы своим ежедневным трудом, добрыми поступками подаете пример высокой гражданской ответственности и истинного патриотизма!
Волонтерство – это состояние души, яркий показатель благородства, искренности, культуры человека.
Поначалу никто не предполагал, что Год волонтера пройдет в один из самых сложных, драматических периодов не только для нашей страны, но и всего мира.
Однако казахстанцы подтвердили незыблемость духа нации, продемонстрировали единство и сплоченность, общность, солидарность, неравнодушие и заботу друг о друге.
Все ваши добрые дела укрепили культуру волонтерства и благотворительной деятельности.
По всему Казахстану активно работают специальные фронт-офисы, которые на системной основе развивают волонтерские движения и организации, осуществляют координацию их работы.
В течение года количество волонтеров достигло свыше 100 тысяч человек, людей с большими сердцами, готовыми всегда прийти на помощь. Я искренне горжусь вами.
Эффективное развитие получили новые направления волонтерства.
Общенациональная инициатива «Birgemiz» за короткий срок объединила множество неравнодушных соотечественников, которые в такой сложный период пандемии оказали необходимую поддержку нуждающимся.
Запущенные в рамках нее проекты «Qamqor», «Saulyq», «Sabaqtastyq» помогли сотням тысячам наших граждан.
Широкий отклик у людей нашла деятельность волонтерского движения «Taza Alem» по очистке рек, лесов, посадке деревьев, сортировке мусора.
Сегодня экоактивизм – это не дань каким-либо модным тенденциям, а насущная необходимость, жизненный принцип, который позволит нам сохранить нашу природу.
Активисты движения также вовлечены в организацию общенациональной ежегодной экологической акции «Birge – taza Qazaqstan».
Добровольцы собирают, сортируют и вывозят в специальные места хранения тонны мусора, к сожалению, оставленные на природе и на улицах городов гражданами, которым наш быт, жизнь наших детей, как говорится, «по барабану». Благодаря именно волонтерам живописные уголки нашей природы, места досуга становятся более привлекательными, а страна – чище и опрятнее.
Кроме того, добровольческие бригады содействуют сохранению материального, духовного и культурно-исторического наследия страны, восстановлению исторических и архивных документов ветеранов Великой Отечественной войны.
Это большая и важная работа, она необходима для сохранения исторической памяти народа, наших традиций и культуры.
Государственным органам, архивным организациям, научным институтам нужно более продуктивно использовать ресурс волонтеров, включать их в совместную исследовательскую работу и поисковые экспедиции.
Былтыр Арыстағы жарылыс кезінде, биыл Мақтааралды су алғанда жұрт болып жұмылдық.
Қиын шақта өзгеге қол ұшын бергісі келген азаматтарымыз аз болған жоқ. Біз сондай жандардың көмегіне, олардың шынайы ниетіне куә болдық.
Қауіпті сәтте азаматтық танытқан отандастарымызға алғыс айтамын.
Сондықтан, осындай күрделі техногенді апаттардан кейін құтқару жұмыстарына қатысатын еріктілерді жан-жақты даярлау – өте маңызды міндет.
Осы мақсатпен арнайы оқыту курстарын ашу қажет. Онда еріктілер қажетті кәсіби дағдыларды меңгеруге мүмкіндік алуға тиіс.
Ограничения, связанные с распространением коронавирусной инфекции, к сожалению, сохраняются.
Волонтеры-медики проводят круглосуточные онлайн-консультации для всех нуждающихся во врачебной помощи.
Наряду с ними свыше 3,5 тысяч адвокатов, нотариусов, студентов юридических факультетов оказывают гражданам бесплатную правовую поддержку.
Все это своевременная и действенная реакция на потребности и нужды наших соотечественников.
Благодарю всех, кто в это непростое время пандемии не остался в стороне и продолжает помогать людям, стране вместе преодолеть это испытание. Это сильная позиция ответственных граждан.
Особого внимания требуют вопросы охраны окружающей среды и защиты животных.
Факты жестокого обращения с животными, случаи варварского отношения людей к уникальным природным памятникам, живописным местам нашей страны вызывают искреннее негодование большинства казахстанцев.
Эти неприемлемые для всего цивилизованного мира, кощунственные инциденты объединили зоозащитные организации и волонтеров в общенациональное движение «Аяла».
Для расширения нормативной базы этого направления волонтерской деятельности разрабатывается законодательство в области защиты животных.
Отдельным приоритетом остается вопрос системной поддержки благотворительной деятельности.
По моему поручению готовится новый Закон о благотворительности, который позволит устранить имеющиеся пробелы в этой сфере.
Благотворительные и волонтерские организации должны получить реальный юридический статус, который обеспечит им необходимые условия для работы, в том числе с государством и бизнесом.
Кроме того, нужны понятные и эффективные правовые механизмы стимулирования и поощрения социально ориентированной деятельности.
Для этого Правительству необходимо проработать комплекс задач.
Первое. Предоставление льготных кредитов в первые годы становления и развития благотворительных организаций, а также возможность льготного использования ими объектов государственной собственности.
Второе. Важно внедрять эффективные механизмы косвенного стимулирования бизнеса и физических лиц к участию в благотворительных и волонтерских проектах, в том числе через предоставление приоритетного права при оказании мер государственной поддержки.
Третье. Следует значительно расширить финансовую и нефинансовую поддержку благотворительных и волонтерских организаций как со стороны государства, так со стороны бизнеса. Прошу Правительство подготовить соответствующие предложения.
Четвертое. В целях обеспечения прозрачности благотворительной деятельности стоит подумать о вопросе введения Реестра благотворительных организаций.
Он должен быть интегрирован во все действующие информационные системы этой сферы.
Нужно сделать его доступным любому, кто пожелает ознакомиться с деятельностью благотворительных организаций, их финансовой отчетностью.
Не менее важно выстроить систему защиты граждан от мошенничества в сфере электронной благотворительности.
Сегодня это одна из популярных форм перечисления финансовой помощи. Каждый третий казахстанец предпочитает делать онлайн-пожертвования.
Для того чтобы исключить махинации, не подорвать доверие людей нужно внедрить в оборот так называемые револьверные (оперативные) пожертвования через онлайн-банкинг.
Это позволит отследить прохождение денежных средств, обеспечив их адресность.
Бесінші. Еріктілер ұйымдарына жүйелі қолдау көрсетіп, оларға арнайы гранттар бөлу жұмысын жалғастыру қажет.
Биыл атқарылған игілікті істер осы жылмен ғана шектеліп қалмауға тиіс.
Жақсы іс әрдайым жалғасын табуы керек.
Осы орайда, еріктілікті дамытудың жол картасын әзірлеу маңызды.
Сондай-ақ, еріктілерді даярлауға арналған бағдарлама қажет.
Алтыншы. Еріктілер қызметін ұйымдастырудың басты талаптары мен ұстанымдарын айқындап алған жөн.
Осы мақсатпен Волонтерлік қызметті қолдаудың бірыңғай стандартын жасауды тапсырамын.
Жетінші. Волонтерлік – бұл жай ғана әлеуметтік құбылыс емес. Тіпті, бір күнде қалыптасатын әдет немесе дағды деуге де болмайды.
Бұл – көптеген адамдардың саналы түрде таңдаған өмір салты.
Қайырымдылық – адамның бала кезінен бойға сіңетін қасиет.
Сондықтан, өскелең ұрпақты жастайынан жақсылық жасауға тәрбиелеу – өте маңызды міндет.
Осы ретте, барлық білім беру мекемелерінде тақырыптық сабақтар мен факультативтік сағаттар енгізуді ұсынамын.
Қоғамға қызмет етуді зердесіне түйген ұл-қыздарымыз нағыз азамат болары анық.
Дана Абай айтқан «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» дәл қазіргі кезеңде ауадай қажет.
Бұл асыл қасиеттер волонтер қатарына қосыламын деген әрбір жастың бойынан табылады деп сенемін.
Восьмое. Учитывая высокий уровень вовлеченности общественных организаций в жизнедеятельность общества и процессы управления государством, необходимо наращивать потенциал социального партнерства в реализации волонтерской и благотворительной деятельности.
С учетом этого крупные системные организации смогут претендовать на аккредитацию при профильных государственных органах. Таким образом они получат доступ к участию в государственных программах и национальных проектах.
Тоғызыншы. Волонтерлік тек жастарымызға ғана тән қызмет емес.
Аға ұрпақ өкілдері де бұл іске белсене атсалысуда.
Олардың өмір тәжірибесі мен өнегесі қашанда жас ұрпаққа тағылым болатыны сөзсіз.
Сонда ғана еріктілік үлкенге де, кішіге де ортақ бүкіл қоғамдық қозғалысқа айналмақ.
Десятое. По моему поручению начата работа по развитию корпоративного волонтерства.
Данный вид деятельности отличается от корпоративной социальной ответственности. Эти понятия близки, но не тождественны, не одинаковы.
Введение нескольких часов корпоративного волонтерства должно стать постоянной практикой, а не разовой акцией.
Требуется продолжить эту работу и предусмотреть обязательную систему поощрений для сотрудников, занимающихся волонтерской деятельностью на системной основе.
Решение обозначенных задач откроет перед волонтерским движением новые горизонты, систематизирует и упростит работу добровольческих организаций.
Уважаемые друзья!
Наши волонтеры вносят большой вклад и в реализацию международных добровольческих инициатив.
Казахстан стал одним из активных участников программы Добровольцев Организации Объединенных Наций, помогая нуждающимся в разных странах мира.
На 75-й сессии Генеральной Ассамблеи ООН я выступил с предложением о провозглашении Международного года мобилизации волонтеров.
Эта инициатива свидетельствует об особом отношении Казахстана к развитию традиций, культуры волонтерства не только в нашей стране, но и во всем мире.
Құрметті достар!
Енді санаулы күннен соң біз Тәуелсіздіктің 30 жылдығына қадам басамыз.
Бұл – ел дамуындағы аса маңызды белес, тарихи меже.
Сондай-ақ, жетістігімізді саралап, болашағымызды бағамдайтын кезең.
Келер жылғы мерейтойлық іс-шаралардың мазмұнына ерекше мән береміз.
Оның әрқайсысы терең мағыналы және қоғам үшін пайдалы болуға тиіс.
Сонымен қатар, өскелең ұрпаққа тәлім—тәрбие беруі шарт.
Осыған орай, жалпыұлттық деңгейде «Қайырымды істер» марафонын ұйымдастыруды ұсынамын.
Бұл – береке-бірлігімізді арттыратын маңызды бастама.
Қазіргідей күрделі кезеңде жақсы істер жасауға мән бергеніміз елдігімізді нығайта түсетіні анық.
Бұл үшін ұлт болып ұйысудың маңызы зор.
Баршаңызға шынайы алғысымды айтамын!
Баршаңызға сәттілік тілеймін!
Еліміз әрқашанда аман, жұртымыз тыныш болсын!