Ақмола облысы – «сары аймақта»

Соңғы үш тәулікте облысымызда коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар саны азайған. Осыған орай, бүгіннен Ақмола облысы «сары аймаққа» енгізіліп отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова мәлімдеді.

2020 жылдың 8 желтоқсанына дейінгі эпидемиологиялық ахуал жайлы айтсақ, COVID-19 вирусы лабораториялық расталған 5802 жағдай тіркелген. Бұл көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 787,7-ні құрайды. Осылардың ішінде 3061 науқаста ауру белгілері бар, 2741-інде аурудың симптомсыз түрі тіркелген. Осы уақытқа дейін індеттен 88 адам қайтыс болған.

–COVID-19 дерегі бойынша репродуктивтік сан қазіргі таңда 1-ден төмен, яғни 0,95-ті құрап отыр. Біздің өңір қайтадан «сары аймаққа» өтті. Бұл дегеніміз, біз карантин шараларын дер кезінде күшейту арқылы инфекцияның кең таралуының алдын алдық, – дей келе, облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина облыс тұрғындарын әлі де болса карантин талаптарын қатаң сақтауға және індеттің қайта тарап кетуіне жол бермеуге шақырды. Эпидемиологиялық қызмет алдағы бір апта бойы эпидемиологиялық ахуалды бақылайтын болады. Егер, тұрақты жағдай сақталса, онда карантин шаралары жеңілдетілуі мүмкін деді Айнагүл Советқызы.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретті түсірген Советбек МАҒЗҰМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар