Ақмола облыстық мемлекеттік кірістер департаменті 2019 жылға жеке тұлғалардың мүлік және бюджет салығын төлеу мерзімі 2020 жылдың 1 қазанынан кешіктірілмейтін күн болып табылатынын еске салады.
Салық төлеушілер аймақтық мемлекеттік кірістер бақармасына жүгіну (e-Salyk мобильді қосымшасы арқылы электронды кезекке алдын ала тапсырыс беріп) арқылы төлем сомасын біле алады. Сондай-ақ, бұл соманы E-Salyk қосымшалары арқылы (басты бет – жеке тұлғалардың алдағы төлемдер қызметі) және 1414 телефон нөмірі бойынша, салық төлеуді e-Salyk мобильді қосымшасы, Egov порталы, Қазпошта бөлімшесі, сондай-ақ ЕДБ мобильді қосымшасы (halyk, kaspi) арқылы білуге болады. Тек қана өзіңіздің жеке сәйкестендіру нөмірін көрсету керек.
Ақмола облыстық мемлекеттік кірістер
департаментінің баспасөз қызметі.