Анықтаманы онлайн түрінде алуға болады

Қазақстандықтар енді жақындарының қайтыс болғаны туралы анықтаманы да еGov.kz порталы арқылы ала алады.

Осы қызмет іске қосылғандықтан, қайтыс болу және перинаталдық өлім туралы медициналық куәлікті, сондай-ақ, қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті міндетті түрде ұсыну бөлігіндегі талаптар алып тасталынды. Анықтаманы алу үшін қайтыс болған адамның ЖСН-ін енгізу жеткілікті.
–Бұрын бұл анықтаманы алу үшін көп уақыт қажет болатын және бірнеше ұйымға бару керек еді. Бұл анықтама жерлеу, жерлеуге арналған бір жолғы төлемді тағайындау, қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтарын алу және мұраны ресімдеу кезінде ұсыну үшін қажет. Енді оны онлайн режимінде тез арада алуға болады, – деп түсіндіреді Қазақстан Рес-
публикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.
eGov.kz порталында «Отбасы» бөлімінде «Отбасы жағдайы» бөлімшесін тауып, «Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама» қызметін таңдап, оған тапсырыс беріп, ЭЦҚ-мен қол қою қажет.
Оның нәтижесін eGov.kz порталындағы пайдаланушының жеке кабинетінен көруге болады. Егер деректер дұрыс толтырылмаса немесе қайтыс болу туралы акт жазбасы болмаса, бас тарту туралы мәлімет келеді. Мұндайда деректерді тексеріп, қызметке қайта тапсырыс беру керек. Ал, егер оған да бас тарту туралы мәлімет келсе, уәкілетті мемлекеттік органға хабарласу қажет. Аталған қызмет Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ақпараттық жүйелерін интеграциялау арқылы қолжетімді. Ал, барлық деректер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынады.

Ырысалды ШАМШИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар