Балалар қамқорлықсыз қалмауы тиіс

Ата-аналар өз балаларына кәмелеттік жасқа дейін қамқор болуына міндетті. Ол жөнінде «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 138 бабында айтылған.

Сондай-ақ, аталмыш баптың 2 тармақшасы ата-аналар өз балаларын асырауға қаражат беру міндетін қарастырады. Осы тармақшада жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейін жиырма бір жасқа дейін жоғары білім жүйесінде күндіз оқитын шәкіртке алимент төлеу жөнінде талап қою жасөспірімнің өзіне беріледі делінген. Бұл жағдайда балаға алимент төлеудің мөлшері Кодекстегі 141 баптың 2 тармақшасына сәйкес сотпен белгіленіп, айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне байланысты ақша төленеді. Екі жақтың материалдық және отбасылық және өзге назар аударатын жағдайы есепке алынып, оны қамтамасыз етудің бұрынғы деңгейі балаға сақталады. Бұл жағдайда қажетті киім, тамақ сатып алу, ақылы оқу, жалға алатын тұрғын үй шығыны есепке алынады.
Әр жағдайда сот бұл шығынның қажеттілігін қарайды. Алиментке құқы бар еңбекке жарамсыз жасөспірімдер І немесе ІІ топтағы мүгедекті, зейнет жасындағыны түсінуі тиіс. Бұл жөнінде Кодекстің 143,145,147,148,153,154,155 баптарында белгіленген. Кодекстегі 143 баптың 2 тармақшасына сәйкес, еңбекке жарамсыз жасөспірімдерге алимент мөлшерін сот заң аясында айлық есептік көрсеткішке қатысты анықтайды. Алимент төлеу кезінде екі жақтың материалдық, отбасылық және өзге де жағдайы есепке алынады. Сот істің жағдайын есепке алып, мерзімін белгілеп, ай сайын алимент төлетеді. Мүгедектікті әлеуметтік медициналық сараптама мекемесі анықтайды.
Роза ЖАНӘДІЛОВА,
Көкшетау қалалық сотының
судьясы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар