Оқу-жаттығу шаралары өткізілді

Өңірде «Көкшетау-антитеррор-2020» атауымен республикалық жедел тактикалық оқу-жаттығу өткізіліп, облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың жұмысы пысықталды.

Арнайы барлау кешендері құрылып, терроризмге тойтарыс беру тәсілдері көрсетілді. Оқу-жаттығу жұмыстарының басты мақсаты – жауынгерлік қабілеттілікті арттыру, террорлық актілердің алдын алу және өңірдегі күштік құрылымдардың дайындығы мен техникалық құралдардың сапасын тексеру. Әр барлау бекетінде арнайы бөлімшелер құрылды. Олар қоғамдық көліктерді қолды қылған террористерді құрықтап, жан-жақты тексеру операция-
сын жүргізді.
Оқу-жаттығу барысында санитарлық талаптар да қатаң сақталғанын атап өткен жөн. Белгіленген әр аймақ сағат сайын залалсыздандырылды. Қорыта айтқанда, оқу-жаттығудың мақсаты мен міндеттері толық орындалды. Қатыстырылған мемлекеттік органдардың күштері мен құралдары террористік қауіп-қатерлердің жолын кесуге қатысты өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін көрсетті. Өңірлік штабтың жұмысына республикалық штаб мамандары оң бағасын берді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар