«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Ақмола облыстық филиалы атынан алдағы мәслихат депутаттары сайлауына 6 үміткер ұсынылды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау туралы Жарлығы және Орталық сайлау комиссиясының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлау туралы қаулысы негізінде 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлауға байланыс-ты облыстық сайлау комиссиясы аталған партияның тізімін облыстық мәслихат сайлауына тіркеуге заңды деп таныды.
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының филиалы биыл алғаш рет мәслихат сайлауына түскелі отыр. Партия сайлауға түсу үшін тиісті құжаттар мен жарнаны тапсырған. Ұсынылып отырған үміткерлердің 30 пайызы әйелдер мен жастарды құрайды.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.