Сайлау алдындағы үгіт-насихат науқаны басталды

Бүгінгі таңда Ақмола облыстық сайлау комиссиясы облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу рәсімін аяқтады. Айта кетейік, біздің облыстан сайлау науқанына бес партия өз кандидаттарын ұсынған болатын. Соның бірі «Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық филиалы.

Облыстық сайлау комиссиясының мәліметтеріне сүйенсек, «Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық филиалы облыстық мәслихат депутаттығына 58 кандидаттың тізімін берген. Комиссия мүшелері партия филиалының партиялық тізімін тіркеу туралы актіге қол қойды. Кандидаттарды тіркеу «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңға сәйкес жүргізілді. Айта кетейік, мәслихатқа сайлау алғаш рет саяси партиялардың партиялық тізімдері бойынша өтуде.Облыстық сайлау комиссиясының мәліметтеріне сүйенсек, «Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық филиалы облыстық мәслихат депутаттығына 58 кандидаттың тізімін берген. Комиссия мүшелері партия филиалының партиялық тізімін тіркеу туралы актіге қол қойды. Кандидаттарды тіркеу «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңға сәйкес жүргізілді. Айта кетейік, мәслихатқа сайлау алғаш рет саяси партиялардың партиялық тізімдері бойынша өтуде.Сайлау туралы Конституциялық заңдағы өзгерістерге сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде бірыңғай аумақтық сайлау округі құрылады. Жиырма тоғыз жасқа толмаған әйелдер мен азаматтардың саны партиялық тізімге енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс. Мәслихат депутаты болып жиырма жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы сайлана алады. Республика азаматы бір мәслихаттың ғана депутаты бола алады. Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ, сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлануға құқығы жоқ. Кандидаттарды насихаттау жұмыстары үстіміздегі жылдың 4 желтоқсанында басталып, келер жылдың 9 қаңтарында аяқталады. – Ақмола облысы бойынша  20 мәслихатта  254 депутат болуы тиіс. Соның ішінде облыстық мәслихатқа 32 депутаттық орын бар. Депутаттыққа кандидаттардың тізімдері тіркеліп, енді насихат жұмыстары басталды, – деді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Сәдуов.
Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ, «Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар