Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қылмыстық-атқару жүйесіндегі алғашқы фронт-офис ашылды - АРҚА АЖАРЫ

Қылмыстық-атқару жүйесіндегі алғашқы фронт-офис ашылды

Облыс әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысов пен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаевтың қатысуымен қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде республикадағы алғашқы фронт-офистің ашылу рәсімі өтті.

Фронт-офистің жұмысы пробация, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды қоғамға қайта бейімдеу, әлеуметтік-құқықтық көмек алу, қылмыстық жазасын өтеген адамдарды арнайы есепке алу мәселелері, сондай-ақ, пенитенциарлық жүйенің лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне шағымдану мәселелері бойынша жедел және кедергісіз кеңес беруге бағытталған.
– Мемлекет басшысының мемлекеттік аппараттың ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында жұмыстың «сервистік» моделіне тек жергілікті атқарушы органдар ғана емес, басқа мемлекеттік ұйымдар да көшуде. Бұл түрлі салалардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және халыққа қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді, – деді Мұрат Төлеубаев іс-шара барысында. Азаматтардың жайлылығы үшін мұнда күту орны, ақпараттық стендтер, имидждік бейнематериалдар көрсетілген теледидар, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға пандус пен көлік қоятын орын қарастырылған.
– Азаматтардың сенімін арттыру үшін өңірде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарда процестерді цифрландыруды енгізу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Front office және Open space сияқты жұмыс кеңістігі әрбір тұрғын өз мәселесін жедел шеше алатын тиімді диалог алаңына айналуға тиіс, – деп атап өтті өз сөзінде Қанат Ыдырысов.
Айта кетейік, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде қазіргі уақытта облыстың барлық 19 өңірі мен Краснояр ауылының әкімдіктері «сервистік» жұмыс форматына көшті, ал, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда Ореn space және front office форматындағы 72 кабинет ашылды.
Сондай-ақ, барлық аудандар мен қалалардың әкімдіктерінде бірінші қабаттарда азаматтарды қабылдауға арналған Ореn space форматындағы кабинеттер орналасқан. Қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында облыстың түрлі ұйымдарының 700-ден астам бірінші басшылары бірінші қабаттарға көшті.
Динара НҰРТАЗ,
Қазақстан Республикасы Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар