«Сенім» кәсіподағының жанды көмегі

«Сенім» салалық кәсіподақ ұйымы азаматтардың құқықтарын қорғау, тұрмыстық деңгейін көтеру мен әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істейді.

Бүгінгі күні осы мақсатта облыс бойынша медициналық мекемелерде қызмет етіп, коронавирустық инфекциядан қайтыс болған мамандардың отбасыларына 1 миллион теңгеден қаржылай көмек көрсетті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған медицина қызметкеріне 2 миллион, ал, СOVID-19 вирусынан қайтыс болған медициналық қызметкерлердің отбасына 10 миллион теңге өтемақы төленеді. Бірақ, медициналық мекемелерде қызмет етіп, бұл санатқа кіре алмай қалған басқа да мамандар бар. «Сенім» денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің кәсіподағы» облыстық филиалының төрағасы Серік Кәкеновтың айтуынша, бұл бұйрыққа төрт адам кіре алмаған екен.
– Сол себепті өзіміз атқару комитетін құрып, қайғылы жағдайға ұшыраған отбасыларына 1 миллион теңге бөлейік деп шешім шығардық. Олардың ішінде шаруашылық медбикесі, бухгалтер, экономист, медбике бар. Біз олардың отбастарына барып, қаржыны табыс еттік,–дейді Серік Кәкенов бізбен әңгімесінде. Бұдан бөлек, облыстық көпбейінді №2 ауруханасының медбикесіне, СПИД-ке қарсы күрес және алдын алу орталығының есепшісіне, Егіндікөл аудандық ауруханасында медбике қызметін атқарып жүріп, вирустан қайтыс болған мамандардың отбасына да 1 миллион теңгеден табыс етілді. Айта кетейік, бүгінгі күні денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымына еліміз бойынша 230 мың, облыс бо-йынша 10 мың адам кіреді. «Сенім» кәсіподақ ұйымы екі жылдың ішінде бірнеше отбасына 3,5 миллион теңгеге дейін тұрғын үй сертификаттарын табыстаған. Өңірге келген жас мамандардың әрқайсысына 500 мың теңге көлемінде қаржы берілді. Жалпы, карантин кезеңінде салалық кәсіподақ есебінен медицина қызметкерлеріне 11 миллион теңгенің көмегі көрсетілді.

Балқия МАЖКЕЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар