Санитарлық бекеттердің орны өзгертілді

Көкшетау қаласының аумағындағы алты санитарлық бекеттің орны ауысты. Өйткені, бұған дейін жүргізушілердің бекетті айналып өту мүмкіндігі болған еді.

Қызыл аймақтағы облыс орталығына кіріп-шығудың ереже-талаптары көпшіліктің түсініксіз сұрағын туғызды. Әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы Дастан Исмайылов өз сөзінде Көкшетау қаласына кіріп шығатын машиналардың саны күніне 5 мыңға жуықтағанын, 200-300 көлік кері қайтарылатынын айтты.
–Көкшетау қаласына өзінің жеке жұмыстарымен кірмекші болған азаматтарды кері қайтарып жатырмыз. Өйткені, ПТР тестері жоқ. Біз қызыл аймақта болғандықтан, олардың кіруіне рұқсат бермедік,–дейді ол. Көкшетау қаласы карантиндік қызыл аймаққа айналғалы санитарлық бекеттің жұмысы да күрделеніп, ереже қатаңдады. Осы орайда, қала тұрғындары мен меймандарының арасында ПТР тестісінің керегі бар ма, жоқ па деген тәрізді өзге де сауалдар туындады. Мәселен, Көкшетау қаласында жұмыс істейтін, бірақ, облыс орталығында тіркеуде жоқ азаматтар санитарлық бекеттен өте ала ма? Бұл сауалға әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы Дастан Исмайылов егерде олардың жұмыс орнынан анықтамасы болса, таңертең-кешке осы бағытта өте алады деп жауап берді.
– Осы маңайдағы ауылдың тұрғындары жұмыс орнынан анықтамасын көрсетеді. Оларды біз күнде өткіземіз. Сондай-ақ, 3 күнге жарамды ПТР тесімен де өткізіп жатырмыз,–деді аға инспектор. Қала іргесіндегі елді мекендерден қатынап жұмыс істейтін азаматтардың жанайқайы облыстың бас санитарлық дәрігеріне де жеткен сыңайлы.
–Зеренді ауданының тұрғындарына Көкшетау қаласына кіруге рұқсат беріледі. Ол үшін тұрғындар Stopcorona cайтына жұмыс орыны мен қандай мақсатпен келгенін алдын ала тіркеу керек. Біз бұл сауалды талқылап, ресми түрде енгіздік,– дейді Ақмола
облысының бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина.
Жұмыс орнынан рұқсат анықтамасы, науқастардың жолдамасы және өзге облыстан келген азаматтардың ПТР тесі болған жағдайда санитарлық бекеттен адамдардың емін-еркін өтіп жатқанын көрдік. Ал, күніне 200-ге жуық автокөлік иелері осы жолдың айрығында рұқсат құжатының болмауынан кері қайтып жатқан көрінеді. Бекетті айналып өтуге тыйым салынған жолдарға 240 белгі орнатылды. Ережені елемей өткендер бейнебақылау арқылы қадағаланып, айыппұл арқалайды. Қала әкімдігі транзиттік көліктердің санитарлық бекеттерге аялдамай-ақ, әрі қарай өтуін қарастыруда. Айта кетерлігі, тас жолдарда тосқауыл күшейтілгенімен облыс орталығы арқылы өтетін поездар қалыпты жағдайда жүруде. Теміржолмен келем деушілерге ешқандай анықтама қажет емес екен.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар