«Ауыл» партиясының республикалық штабы ашылды

Нұр-Сұлтан қаласында «Ауыл» патриоттық халықтық-демократиялық партиясының республикалық қоғамдық штабының ашылуы болып өтті.

«Ауыл» патриоттық халықтық-демократиялық партиясының төрағасы Әли Бектаев сөз сөйлеп, үгіт-насихат науқанының негізгі басымдықтары туралы айтып берді. «Ауыл» партиясының партиялық тізіміне 625 үміткер депутаттыққа кірді. Үгіт-насихат науқанына 17 аймақтың штабтары кірісіп кетті, олардың 14-і облыс орталықтарында,  қалған 3-еуі республикалық маңызы бар қалаларда. Бұдан бөлек, әрбір аудан орталықтарында да аумақтық штабтар ашылды.

Үгіт-насихат науқаны аясында сайлаушылармен кездесулер, аймақтарда акциялар, пікірсайыстар, флешмобтар түрінде ұйымдастырылады. Соның ішінде кейбір шаралар онлайн режимде өтеді. Депутаттыққа үміткерлер түрлі деңгейде «Ауылдан ауылға» акциясын ұйымдастыратын болады.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар