Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстан халық партиясы – халық арасында - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстан халық партиясы – халық арасында

Қазақстан халық партиясының төрағасы Айқын Қоңыров пен партияның орталық комитетінің мүшесі Олжас Сыздықов Ақмола облыстық ауруханасының ұжымымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.

Облыстық аурухананың бас дәрігері Нұрлан Жаров медициналық ұжымға қонақтарды таныстырғаннан кейін, Қазақстан халық партиясының төрағасы Айқын Қоңыров алғашқы болып сөз алып, өткен айда Қазақстан коммунистік партиясы халыққа жақындай түсу, қатарын толықтыру мақсатында партияның атын өзгерту туралы шешім қабылдағанын, енді саяси ұйым Қазақстан халық партиясы аталатынын айтты.

–Баршаңызға белгілі, келер жылдың 10 қаңтарында елімізде Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған соңғы саяси реформаларға сәйкес, саяси партиялардың рөлі күшейді. Бүгінгі таңда бюджеттің ашықтығы мен дұрыс бағытталуы өте маңызды. Парламентте екі шақырылым бойы жұмыс істей отырып, көптеген мемлекеттік бастамалар, бағдарламалар аясында өңірлерге бөлінген республикалық бюджеттің дұрыс игерілмей жатқанына куә болдық. Тіпті, мемлекет қаражаты қандай мақсатта, қайда жұмсалуы керектігін заңда нақты көрсетіп қою қажеттігі туындады. Біз қарапайым халықтың партиясымыз, сол себепті біздің сайлауалды бағдарламамыз тұрғындардың ұсыныс-тілектері негізінде жазылды, – дей келе, партия төрағасы партияның сайлауалды бағдарламасында көрсетілген басым бағыттарға тоқталып өтті.

Атап айтсақ, партия мемлекеттік жүйені, оның ішінде сот жүйесін қайта реформалауды, ұлттық экономика құруды, мемлекеттік банк институтын енгізуді, елде кредиттік амнистия жүргізуді көздейді.Сондай-ақ, партия белсенділері мемлекетімізде «Жеке тұлғалар банкроттығы туралы» заң қабылданып, игерілмей жатқан жерлер баспанасы жоқ тұрғындарға үй салу мақсатында берілуі қажет деп есептейді.

Кездесу барысында денсаулық сақтау саласындағы түйткілді мәселелер қозғалып, партия өкілдері шешу жолдарын ұсынды. Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Олжас Сыздықов мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін бақылау, мемлекеттік аппаратты оқыту мәселелері жайлы пікірін білдіріп, қатысушылардың қойған сауалдарына жауап берді.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар