Нұрсұлтан есімі жауапкершілік жүктейді

Өз есімін ұнатпайтын, үлкендер азан шақырып қойған шын есімінен гөрі, лақап атын айтуды жөн көретін жастар бүгінгі қоғамымызда жоқ емес, бар. Бірақ, мен ондайлардың қатарынан емеспін. Қай жерге барсам да, кіммен таныссам да, «менің атым Нұрсұлтан» деп, үлкен мақтанышпен айтамын. Жігіттің сұлтаны болсын деп атымды «Нұрсұлтан» деп анам қойған. Нұрсұлтан – Қазақстан тәуелсіздігін алған кезде елімізді басқарып, отыз жыл салиқалы саясатын жүргізген Елбасымыздың есімі. Ол кісінің біздің мемлекетіміздің дамуында сіңірген еңбегі зор.  Сол себепті, әлемге қандай әйгілі болса, халқымызға да сондай ыстық. Осы орайда барша жерлестерімді Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтағым келеді.

Келешекке жоспарларым көп. Оларды жүзеге асыру үшін қазірден талпынып жатырмын. Мектепте оқи жүріп, түрлі олимпиадалар мен жарыстарда алған жүлделерім жетерлік. «Мұрагер» балалар аулалық клубының «Жас тілші» үйірмесіне қатысып жүрген кезімде газетте «Ардагерлерге бас иемін» атты мақалам жарық көрді. Талай іс-шараларда жүргізуші болдым. Осындай-осындай қоғамдық істерге қатысу арқылы өз-өзімді дамытып келемін. Бұл менің келешекте жақсы азамат болып қалыптасуыма да игі ықпалын тигізері анық.

Нұрсұлтан ДАСТАН,

Көкшетау қаласындағы С.Жүнісов атындағы №18 мектеп лицейінің 9 сынып оқушысы.  

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар