НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Барша отандастарымызды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Келесі жылы ел тарихының мерейлі 30 жылдығын атап өтеміз. Біз — бірлігі бекем, іргесі мығым елміз. Қасиетті Отанымыз, Тәуелсіз Қазақстанның игілігі үшін еңбек ету — қастерлі парызымыз», — деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де.https://www.inform.kz/kz/kasym-zhomart-tokaev-kazakstandyktardy-tauelsizdik-kunimen-kuttyktady_a3730863