Біздегі қуаныш!

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекет марапатына ие болған отандастарымыздың арасында белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі, біздің «Ақмола-«Тіршілік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Жабал Ерғалиұлы Ерғалиев та бар.
Өткен дүйсенбі күні Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың қолынан еліміздің жоғары наградасы – «Парасат» орденін алған
Жабал Ерғалиұлын қоғамдық жұмыс пен баспасөз саласындағы ұзақ жылғы жемісті еңбегінің мемлекет тарапынан лайықты бағалануымен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, қажымас қайрат пен шығармашылық шалқар шабыт, отбасы амандығын тілейміз. Әрдайым жақсы істің басынан көрініп, ел мерейін үстем етіп, осы ақжарқын, абыройлы қалпыңызда жаңа жетістіктерге жете беріңіз!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар