Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Партиялар пікірсайыста бақ сынады - АРҚА АЖАРЫ

Партиялар пікірсайыста бақ сынады

2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауы қарсаңында облыс орталығындағы «Көкшетау» мәдениет сарайында саяси партиялар арасында пікірсайыс ұйымдастырылды.

«Көкше» телеарнасының тілшілері тікелей эфирде жүргізген пікірсайыс облысымыздың тарихында алғаш рет өткізілгенін айта кету керек. Пікірсайысқа Мәжіліске және аумақтық мәслихаттарға өз кандидаттарын ұсынған 5 саяси партияның облысымыздағы филиалдарының өкілдері қатысты. Қазақстан халық партиясының атынан Әділ Төлепберген, «Ақ жол» демократиялық партиясынан Бақыт Смағұл, «Ауыл» халықтық-демократиялық  патриоттық партиясынан Қуат Ғаббасов, «Nur Otan» партиясынан Асқарбек Үйсімбаев және «Адал» саяси партиясынан Азамат Маханалин «Қазақстанның экономикалық дамуы: проблемалары мен перспективалары», «Еліміздің әлеуметтік жаңғыруы» секілді тақырыптарда пікірсайысқа түсіп, әр партия өкілінің және жүргізушілердің қойған сауалдарына жауап берді. Айта кетейік, пікірсайыста әр партия өкілі тарапынан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, ауыл шаруашылығын дамыту, бизнесті қолдау мәселелері төңірегінде қойылған сұрақтарға қатысушылар өздерінің тұшымды жауаптарын ұсынуға тырысты.  «Көкше» телеарнасының тілшілері тікелей эфирде жүргізген пікірсайыс облысымыздың тарихында алғаш рет өткізілгенін айта кету керек. Пікірсайысқа Мәжіліске және аумақтық мәслихаттарға өз кандидаттарын ұсынған 5 саяси партияның облысымыздағы филиалдарының өкілдері қатысты. Қазақстан халық партиясының атынан Әділ Төлепберген, «Ақ жол» демократиялық партиясынан Бақыт Смағұл, «Ауыл» халықтық-демократиялық  патриоттық партиясынан Қуат Ғаббасов, «Nur Otan» партиясынан Асқарбек Үйсімбаев және «Адал» саяси партиясынан Азамат Маханалин «Қазақстанның экономикалық дамуы: проблемалары мен перспективалары», «Еліміздің әлеуметтік жаңғыруы» секілді тақырыптарда пікірсайысқа түсіп, әр партия өкілінің және жүргізушілердің қойған сауалдарына жауап берді. Айта кетейік, пікірсайыста әр партия өкілі тарапынан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, ауыл шаруашылығын дамыту, бизнесті қолдау мәселелері төңірегінде қойылған сұрақтарға қатысушылар өздерінің тұшымды жауаптарын ұсынуға тырысты. Қазақстан халық партиясының өкілі елімізде жоғары білім тегін беріліп, Отанымыздың әрбір азаматы ел игілігі үшін еңбек етуі керек десе, «Ақ жол» демократиялық партиясының өкілі халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қою керектігін айтты. «Ауыл» халықтық-демократиялық  патриоттық партиясының өкілі ауылдарды сапалы жолмен, орталықтандырылған ауыз сумен, газбен және интернетпен қамтамасыз етіп, жұмыссыздықты жою партияның сайлауалды бағдарламасында нақты көрініс тапқанын жеткізді. «Nur Otan» партиясының өкілі: «Партия бағдарламасының мақсаты азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту. Алдағы уақытта баспана кезегінде тұрған 4 мыңнан астам адамды баспанамен қамтамасыз етеміз» десе,  «Адал» саяси партиясының өкілі еліміздің әлеуметтік жаңғыруы әр отбасының әлеуметтік әл-ауқатынан басталатынын айтып, бұл тұрғыда партия халықтың өмір сүру сапасын көтеруді басты мақсат етіп отырғанын жеткізді. Ал, соңғы раундта пікірсайыс қатысушылары сайлаушыларға үндеу жариялады.  Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ, «Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар