Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасына қатысыңыздар! - АРҚА АЖАРЫ

Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасына қатысыңыздар!

Қазақстанда Елбасы – Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы үш бағыт бойынша табысты іске асырылуда. Бағдарлама аясында «халықтың әлеуметтік осал топтары» (ХӘОТ) санатына жататын қарыз алушыларға көмек пен қолдау көрсетуге ерекше көңіл бөлінеді. Бұл жайлы Fingramota.kz толығырақ айтып береді.

 2020 жылғы қаңтардан бастап ХӘОТ санаты бойынша Бағдарламаның талаптары бойынша өз қарыздарын бұрын қайта қаржыландырған әлеуметтік жағынан осал азаматтарды, сондай-ақ ипотекалық қарыздар бойынша міндеттемелерді орындау есебінен жалғыз баспанасы банктердің балансына өткен азаматтарды қолдауға бағытталған Бағдарламаға толықтыру күшіне енді.

Бүгінгі күні банктерге қосымша қолдау шеңберінде әлеуметтік жағынан осал қарыз алушылардан 1 600-ден астам өтінім келіп түсті, 1 006 қарыз алушы оны борышты азайту, нақты төлем қабілеттілігін ескере отырып, қарыздарды өтеу кестесін белгілеу түрінде алды.

Бұған қосымша проблемалық қарыз алушыларды қамту мақсатында 2020 жылғы қыркүйектен бастап банктер оларға ХӘОТ-қарыз алушылар үшін көзделген талаптарды ұсынатын азаматтардың тізбесін кеңейтетін түзетулер қолданылады. Бұл тізбеге ХӘОТ мәртебесі бар қарыз алушының жұбайы (зайыбы) немесе жақын туыстары болып табылатын қосалқы қарыз алушы, кепіл беруші, кепілгер мәртебесі бар, сондай-ақ еңбекке жарамсыздыққа әкелетін және қарыз алушының жұбайы (зайыбы) немесе жақын туыстары болып табылатын қосалқы қарыз алушыны, кепіл берушіні, кепілгерді қоса алғанда, ипотекалық кредитті өтеуге кірістерден айыратын әлеуметтік маңызы бар аурулардың ауыр нысандары бар қарыз алушылар кіреді.

Бұл аурулардың мынадай бес түрі:

  1. 3 топтағы мүгедектігі бар кезде АИТВ-инфекциясы;
  2. туберкулезді менингит, сүйектер мен буындардың (омыртқа мен жамбас) туберкулезі, жалпыланған туберкулез, кең таралған дәріге төзімді туберкулез, бактерия бөлінуі бар, сонымен қатар 1Г тобында бақылауда тұрған және симптоматикалық ем қабылдайтын өкпе туберкулезі;
  3. мүгедектік тобының болуына қарамастан қатерлі ісіктер;
  4. 3-ші топтағы мүгедектігі бар дәнекер тіннің жүйелі зақымдануы;
  5. 3-топтағы мүгедектігі бар орталық жүйке жүйесінің демиелинизациялық

аурулары.

       Назар аударыңыз! Ипотекалық қарыз алушыларға қосымша көмек көрсету мерзімі 2021 жылғы 1 шілдеге дейін белгіленген. Бағдарламаның талаптарына сәйкес келетін ипотекалық қарыз алушылар 2021 жылғы 15 маусымға дейін Бағдарламаға қатысушы банктерге өтініш беруі қажет.

Анықтама үшін:

 ХӘОТ санатына:

 Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;

  1. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
  2. 1 және 2 топтағы мүгедектер; мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;
  3. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар; жасына байланысты зейнеткерлер;
  4. кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  5. қандастар (оралмандар);
  6. экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;
  7. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар,
  8. көпбалалы отбасылар;
  9. мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
  10. . толық емес отбасылар жатады.

Сондай-ақ, Бағдарламаның өте маңызды, алғашқы екі бағыты туралы қысқаша айтып береміз.

Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде 2004-2009 жылдар кезеңінде берілген және жалғыз тұрғын үймен қамтамасыз етілген, 50 млн теңгеден аспайтын сомадағы ипотекалық қарыздар қайта қаржыландыруға жатады. Қайта қаржыландырылатын қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 3%-дан аспайды. Осы бағыт шеңберінде банктер қарыз алушының сыйақы, өсімпұл, айыппұл және комиссия бойынша берешегін есептен шығарады.

2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша банктер 179, 3 млрд теңге сомаға 28 574 қарызды қайта қаржыландыруды мақұлдады, оның ішінде 166 млрд теңге сомаға 27 510 қарыз қайта қаржыландырылды. Банктер қарыз алушылардың 151,4 млрд теңге сомаға сыйақы, комиссиялар және тұрақсыздық айыбы (өсімпұлдар мен айыппұлдар) бойынша берешектерін есептен шығару жүргізді.

Назар аударыңыз! Бағдарламаның талаптары бойынша өлшемшарттарға сәйкес келетін қарыз алушылар өздерінің ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыру үшін Бағдарламаға қатысушы банктерге жүгіну қажет.

Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде қарыз алушылардың 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін шетел валютасында берілген ипотекалық қарыздары Ұлттық Банктің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша (АҚШ доллары үшін 188,35 теңге) Бағдарламаның тиісті мөлшерлемесіне сәйкес айырбастауға жатады. ХӘОТ үшін сыйақы мөлшерлемесі – 3%, қарыз алушылардың басқа санаттары үшін-12%.

2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша банктер 84,2 млрд теңге сомаға 9 324 валюталық ипотекалық қарызды қайта қаржыландыруды мақұлдады, оның ішінде 74,1 млрд теңге сомаға 8820 қарыз қайта қаржыландырылды. Банктер қарыз алушылардың 92,1 млрд теңге сомасындағы сыйақы, комиссиялар және тұрақсыздық айыбы (өсімпұлдар мен айыппұлдар) бойынша берешектерін есептен шығарды.

 Назар аударыңыз! Бағдарламаның осы бағытын іске асыру 2020 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады. Валюталық қарыздарды қайта қаржыландыру үшін қарыз алушылар Бағдарламаға қатысушы банктерге 2020 жылғы 15 желтоқсанға дейін өтініш жасауы қажет! Қалған валюталық қарыздарды банктер қарыз алушының өтінішінсіз бағам бойынша айырбастайды. Қарыз алушылар банктің қарызды айырбастау туралы хабарламасын алғаннан кейін 3 ай ішінде 30 жылға дейінгі мерзімге сыйақы мөлшерлемесімен өз қарызын қайта қаржыландыра алады.

Жалпы Бағдарламаның бірінші және екінші бағыттарын іске асыру шеңберінде 37,9 мыңнан астам азамат өз баспанасын сақтап қалды және өз борыш жүктемесін барынша азайтты.

Қазіргі уақытта таратылатын «Астана Банкі» АҚ-тан және «Qazaq Banki» АҚ-тан алған қарыз алушылардың валюталық ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыру/айырбастау бойынша жұмыс жүргізілуде. Осы қарыздар «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ-қа беріледі. Сондай-ақ «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ арқылы азаматтарға Бағдарлама талаптарымен бұрын «Астана Банкі» АҚ және «БТА Банк» АҚ балансына өткен баспана жалға берілетін болады.

Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасының негізгі бағыттарын іске асыру мерзімдері шектеулі. Қарыз алушылардан Бағдарламаға қатысушы банктерге өтініш беруді кешіктірмеуді сұраймын.

Бағдарламаның барлық бағыттары бойынша өз сұрақтарыңызға Агенттіктің сайтындағы https://fingramota.kz/credit/refinancing/ сілтеме бойынша, «Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы бойынша жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде кері байланыс нысаны көмегімен жауап алуға болады.

Сондай-ақ Агенттіктің Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті аптасына екі рет Бағдарламаны іске асыру мәселелері бойынша азаматтарды қабылдайды. Жазылу үшін Yermek.Utemisov@finreg.kz электрондық поштасына мынадай деректерді: ТАӘ, ЖСН, байланыс деректерін, қаржы ұйымының толық атауы, өтініштің қысқаша сипаттамасын жіберу және «Қабылдауға жазылу» деген тақырыбын міндетті түрде көрсету қажет.

Консультация алу үшін қарыз алушылар Агенттіктің жедел желісіне: +7 (727) 237 1000 (Жұмыс кестесі: дүйсеньбі-жұма сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін) немесе App Store: https://apps.apple.com/kz/app/fingramota-online/id1134502211 және PlayMarket: https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.nationalbank. appeals сілтемелері бойынша жүктеуге болатын  «Fingramota Online» («Ипотекалық кредиттер» бөлімі) мобильдік қосымша арқылы өтініш жасай алады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар