«Ақ жол» жастарға арқа сүйейді

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының құрдастарына «Біз Отанымызды бірге көркейтуіміз керек!» деп үндеу тастады. «Ақ жол» партиясының үгіт-насихат тобы жас сайлау-шылармен және «Ақ жол» партиясының құрдастарымен кездесу өткізді.
Іс-шара жаңа технологияларды әзірлеумен, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей бойынша тауарларды жеткізумен айналысатын «KBT Store» компаниясында өтті. Компанияда 18-35 жас аралығындағы 1200 адам жұмыс істейді. Кәсіпорынды «100 жаңа есім» байқауының жеңімпазы, Мәжіліс депутаттығына кандидат, «ақжолдық» Азат Сембинов басқарады. Өз сөзінде Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының құрдастарын өмірлеріндегі алғашқы сайлаумен, бірінші рет дауыс берулерімен құттықтады.
–«Ақ жол» партиясына 18 жыл толды, өткен уақыт ішінде үш рет Парламентке өтті. Көпшілігіңіз бірінші рет дауыс бермексіздер. Бұл сіздердің саяси өсулеріңіз және осы сәтте дұрыс таңдау жасау өте маңызды, – деді ол өзінің сөзінде.
«Ақ жол» көшбасшысы партияның сайлауалды бағдарламасы туралы айтып, оның бизнесті қолдау және әлеуметтік әділеттілік туралы бөлімдеріне ерекше тоқталды.
– «Ақ жол» партиясы Қазақстанды мүмкіндіктер мемлекетіне айналдыруға ұмтылуда. Қазақстанда өмір сүру және жұмыс істеу, Отанымызда жүріп даму перспективалары жастар үшін кез-келген басқа елдерге қарағанда, әлдеқайда тартымды болуы тиіс.
Сіздердің араларыңызда – болашақ министрлер, компания басшылары, бизнесмендер бар. Сіз өз ойыңызды кедергісіз жүзеге асыра алатын, кеткіңіз келмейтін елде өмір сүруіңіз керек. Біз дарынды жастардың елден кетуіне қарсымыз. Жыл сайын Қазақстаннан мыңдаған дарынды жас жігіттер мен қыздар шетелдерге кетіп, қайтып оралмайды. Бұл біздің ұлттық қасіретіміз, – деп атап өтті Перуашев.
Ол өз сөзінде партияның жастарды қолдау жөніндегі бастамаларына ерекше назар аударды. Атап айтқанда, «Ақ жол» отбасылардың ипотекаларын субсидиялау, ауылдағы қолжетімді спорт кешендерінің қажеттілігі, балалар мен жастарға арналған тегін спорт секциялары, жұмысшы жастарға арналған қолжетімді тұрғын үй салу туралы ұсыныстар жасады.
Қалаларға көшетін ауыл жастарын қолдау үшін әкімдіктер шағын өндірістерге, білім беру мекемелеріне және әлеуметтік инфрақұрылымға арналған үй-жайлары бар ықшам әлеуметтік тұрғын үйлерді жаппай салуы тиіс. Мұндай тұрғын үйлер қарапайым және арзан болуы керек, сол кезде жастар қалада бейімделіп, білім алып, жұмыс істей бастайды, аяққа нық тұрып, өздеріне ыңғайлы жағдай жасайды.
Қазақстанның болашағы – жастар, біз Сіздермен бірге Отанымызды көркейтуіміз керек, – деп Перуашев жас сайлаушыларды дұрыс таңдау жасауға шақырды. «Ақ жол» партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда.
Қарағанды облысына «Ақ жол» демократиялық партиясының атынан Мәжіліс депутаттығына кандидаттар – Мәжіліс депутаты Дания Еспаева, «EСOJER» экологиялық бастамалар қауымдастығының атқарушы директоры Рамазан Жәмпейісов және ЕҰУ жанындағы «Алаш» институтының директоры Сұлтан-Хан Аққұлы келді.
Партияның Қарағанды филиалының төрағасы Ермек Әбілдинмен бірге олар Қарағанды, Теміртау және Абай қалаларындағы бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарда болды.
Сапар «Сантехпром» зауытынан басталды. Кәсіпорын 20 жылға жуық жұмыс жасайды, ұжымда 300 қызметкер бар. Кәсіпорын бірегей, болаттан және акрилден жасалған бұйымдар шығарады, ал, өнімнің 60 пайызы экспортқа жіберіледі.
Кандидаттар өздерінің сайлауалды бағдарламасы туралы айтып, сұрақтарға жауап берді.
Содан кейін Абай тігін фабрикасының ұжымымен кездесу өтті. Зауыт 2017 жылы 20 жылдық үзілістен кейін қайта іске қосылған. 120 жұмыс орны құрылды, жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа жабдықтар орнатылды. Қазір фабрикада балалар мен ересектерге арналған сырт киім, арнайы киім және т.б. тігілуде. Алайда, кәсіпорын басшылары атап өткендей, айналым қаражаты, мемлекеттік тапсырыс жетіспейді.
 Сонымен қатар, фабрика мемлекеттік бағдарламалардың ешқайсысына қосыла алмайды, жергілікті билік тарапынан қолдау жоқ. Екінші деңгейлі банктер кредит беруден бас тартады, өйткені кепіл мүлкі қаладан тыс жерде орналасқан. Сондықтан да олар «ақжолдықтарды» үлкен қызығушылықпен тыңдады. Партия өкілдері отандық өндірушілерді қолдау бойынша өз бастамаларымен таныстырып, бизнесті қорғау бойынша атқарылған жұмыстар, азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша ұсыныстар туралы айтып берді. «Отандық тұтыну тауарларының жетіспеушілігі тақырыбы – өте өткір.
Бұл жағдай біздің ішкі нарығымыздың импортқа тәуелділігін, валюта бағамының ауытқуын және инфляцияны тудырады. Сондықтан «Ақ жол» партиясы отандық өндірушілерді қолдаудың кешенді шараларын ұсынады», – деп атап өтті Дания Еспаева. Үгіт-насихат тобының кестесіндегі келесі бөлім аймақ кәсіпкерлерімен кездесу болды. Қарағандылық кәсіпкерлер «Ақ жолдың» ағымдағы жұмысы туралы жақсы біледі – олар бірнеше рет көмек алу үшін жүгініп, қолдау тапқан болатын. Кездесу барысында әлемуеттік-кәсіпкерлік корпорациялар қызметінің мәселелері көтеріліп, кәсіпкерлер осы мәселедегі «Ақ жол» ұстанымын толық қолдайтындарын жеткізді.
«Жергілікті жерлердегі бизнес үшін жер учаскелерін, кең таралған пайдалы қазбалардың кен орындарын және т. б. өзінің тікелей әсеріне шоғырландырған өңірлердегі ӘКК қызметі өзекті мәселе болды. Осы ресурстарға бизнес енді жобаларға үлес қосу арқылы ғана қол жеткізе алады. Соның нәтижесінде ӘКК-ні қорқытып алушылықтың заңды нысанына айналды. Бұл ретте, тәжірибе көрсетіп отырғандай, ӘКК азық-түлік нарығындағы тұрақтандыру қорларының рөлін де атқара алмайды. Мұндай ӘКК-лерді олардың ресурстарын еркін айналымға бере отырып, жою керек», – делінген Демпартия бағдарламасында.
Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар