Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» акционерлік қоғамы Ақмола облыстық өкілдігінің директоры Әсет Бектеміров: «Ауыл еңбеккерлерімен бірге мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз» - АРҚА АЖАРЫ

«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» акционерлік қоғамы Ақмола облыстық өкілдігінің директоры Әсет Бектеміров: «Ауыл еңбеккерлерімен бірге мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз»

Астық ресурстарын қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып саналады. Бұл ел дәулеті мен халық тұрмысының жақсаруында маңызды орын алатыны да белгілі. Жүйелі жүргізілген жұмыстар мен мақсатты бағдарламаларды іске асыру басты байлығымыздың еселеп артуына мүмкіндік беріп қана қоймай, Қазақстанның әлемдік астық нарығындағы абыройын көтеруде. Біз бүгін ортақ істе шешуші орын алатын «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» акционерлік қоғамы Ақмола облыстық өкілдігінің директоры Әсет Бектеміровті әңгімеге шақырып, атқарылып жатқан жұмыстармен таныстыруды өтінген едік.

– Әсет Қабайұлы, әңгімемізді өкілдікке жүктелген міндеттер мен көрсетілетін қызметтер ауқымынан бастасақ.
– Біздің басты міндеттер мен функцияларымыз – астық пен оны қайта өңдеу өнімдерін сатып алу, есепке алу, өткізу және сақтау кезінде, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қарыз беру және заңнамада белгіленген тәртіппен Агроөнеркәсіптік кешенде инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде азық-түлік корпорациясының мүдделерін қорғауды және білдіруді қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Азық-түлік корпорациясы сатып алатын астықтың сандық-сапалық сақталуын қамтамасыз етуді бақылау. Сондай-ақ, «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ негізгі қызметі елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу, ішкі астық нарығын тұрақтандыруға және астық экспортын дамытуға жәрдемдесу болып табылады.

Мұнда терең зерттеліп, мұқият мониторинг қорытындыларына негізделген кезеңдік жұмыстар жоспарланғанын ерекше атап өту қажет. Бірінші кезеңде көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру жолымен жаңа егін астығының өнімін резервтік қорға қою қызметі ұйымдастырылады.

Форвордтық сатып алудың негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы өнімдерін ішкі нарыққа кепілді және үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу мақсатында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қаржыландыру.
Форвордтық сатып алу бағдарламасына қатысу үшін диқаншыларда қажетті өтімді кепілдер жеткіліксіздігі жиі кездеседі, сондықтан бұл бағдарлама ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне үлкен қолдау болып табылады. Бұл не үшін керек? Мұны түпкі нәтижелерге негізделген ортақ мүдделермен байланыстыруымыз керек. Таратып айтсақ, мемлекеттік сатып алу кезінде ауыл шаруашылығы саласы еңбеккерлерінің сапасы жоғары астықты өндіруін ынталандыру; көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін диқандардың тұқымдық астыққа сұранысын қамтамасыз ету; жоғары сапалы, өнімділігі жоғары тұқымдардың аудандастырылған жəне перспективалық сорттарын тарту есебінен мемлекеттік тұқымдық астық ресурстарының сапалық құрамын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру; ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қайтару шартымен тұқымдық қарыз беру тəртібін жетілдіру; мемлекеттік жемдік астық ресурстарын толықтырып, құс жəне мал шаруашылығының азықтық астыққа қажеттілігін қамтамасыз ету; астықтың экспортын кеңейту, астықты өткізу тиімділігін, оның ішінде оны тасымалдау мəселелерін шешу. Осы орайда, мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік астық резервін қалыптастыру ішкі рынокта баға демпингін болдырмау мақсатын көздейтініне екпін түсіруіміз керек. Мұндай тəжірибе банк несиесінен гөрі «Есіл» ӘКК банктік кепілдігі мейлінше арзанырақ болатындықтан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің астықты өндіру мен жинауға арналған айналымдағы ақша қаражатын үнемдеуге де мүмкіндік береді. Соңғы жылдары дәнді дақылдарды мемлекеттік сатып алу көлемдерінің өсу үрдісі байқалады, бұл отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдаудың мемлекеттік саясатын іске асырумен байланысты болып отыр.
– Маңызды әрі жан-жақты ақпарат бердіңіз. Енді өкілдіктің аталған бағыттағы негізгі ұстанымына ойыссақ.
– Ақмола облысы жыл сайын бес миллион тоннадан астам астық жинайды. Оның үстіне, еліміздегі қатты бидайдың төрттен бірі өңір үлесінде екендігі баршамызды мерейлендіреді. Бұл орталық аппарат басшылығының іс-қимыл әрекетіндегі үйлесімді ұстанымын, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қаржы-экономикалық сауаттылығын, жерді баптаудағы жаңашылдығы мен жанашырлығын байқатады. Біздің құрылым мемлекет мүддесін көздейтіндіктен, өңірлік игі қадамдарға қолдау көрсетуді өзіне жүктелген абыройлы міндет санайды. Өкілдіктің қызметіне сүйену арқылы астықтың уақытылы қабылдануы, сақталуы, өңделуі жақсарып, диқандардың қаржылық әлеуеті анағұрлым арта түсті. Сондай-ақ, «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ арқылы сатып алынған астықтың көлемі мен сапасының сақталуын жүйелі бақылауға кепілдік беріледі. Бұл астық өндірісіндегі маңызды көрсеткіш деп білеміз. Бұған қоса, облыс аумағындағы агроөнеркәсіптік кешені өкілдерінің қаржы институттарымен байланысының жандануында, тартымды инвестициялық жобалардың жүзеге асырылып жатқандығында біздің де үлесіміз бар екендігі анық.
– Диқан қауым жыл бойғы еңбегінің жемісін көруді қалайды. Бұл бағытта, бәрін тізбелемей-ақ, дайын астықты жұлмалауға салатын келеңсіздік кездесіп қалатынын айтпасқа болмайды. Үкімет осы корпорацияны құру арқылы астық айналымын оң арнаға салып отырғандай. Бұл мақсаттағы жұмыстарға түсінік бере кетсеңіз.
– Корпорация ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен тиімді әріптестік байланыс тетіктерін жетілдірумен келеді. Бір мысал айтайын. Биыл Қазақстанда астықты сатып алудың форвордтық, яғни, болашақ өнімге алдын ала төлем жасау механизмі қайта енгізілді (соңғы ретте мұндай тәсіл 2016 жылы қолданылған болатын). Бұл ретте, Корпорация сатып алушы ретінде, әлгі жеткізілмеген тауар құнының бір бөлігін тиісті есепшотқа аударады. Ал, өнім өндіруші келісім-шарт негізінде, күзгі жиын-терімнен кейін оны толық мөлшерде қамтамасыз етуге міндеттенеді. Үстіміздегі 2020 жылы мемлекет агробизнес құрылымдарының болашақ өнімдерін сатып алу есебімен 24,4 миллиард теңге қаржыны алдын ала төлесе, мұның 7,08 миллиард теңгесі Ақмола облысына аударылған. Осыған байланысты өңір аграршылары «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» АҚ белгілеген астық қабылдау кәсіпорындарына 2020 жылдың 15 қарашасына дейін 136,7 мың тонна бидай және 11,8 мың тонна арпа дақылдарын жеткізуі керек. Бұл көрсеткіш, 5 қарашадағы мәлімет бойынша 71 проценттен асып отыр.
– Демек, жергілікті тауар өндірушілер өз міндеттемесін ойдағыдай орындауға жақын дей аламыз. Осы жердегі бір мәселе баға белгілеуге келіп тірелетіндей. Әсіресе, шаруа қожалықтары тарапынан әртүрлі пікірлерді құлағымыз шалады.
– Біздің тұрақты әріптестеріміздің қатарында шаруа қожалықтарының саны өсіп отырғанын айтуға тиіспін. Қатып қалған баға жоқ, бұл өнімнің сапасына қарай икемделе бермек. Биылғы көктемде қосымша құн салығын төлеуші фермерлермен үшінші класты бидайдың әр тоннасына 50 мың теңгеден және екінші класты арпаның тоннасына 30 мың теңгеден алдын ала төлем жасалды. Ал, қосымша құн салығын төлемейтін нысандармен, сәйкесінше, бидайдың тоннасына 45 мың теңге, арпаға 27 мың теңге төлеу мәмілесіне қол қойылған.
Мұнда мынадай мәселеге назар аударған жөн. Күзде, форвордтық келісім-шартқа сәйкес, 3-4 класты бидайдың сапасына қарай әр тоннасына 78-87 мың теңгеден, ал, екінші класты арпаның бір тоннасына 50 мың теңгеден сатып алу құны жарияланды. Ал, астық өндірушілер тауарларын астық қабылдау кәсіпорындарына өздері жеткізген жағдайда азық-түлік Корпорациясы мұндағы айырмашылықты қосымша төлейді. Сонымен қатар, шаруа қожалықтары өтімді кепілзатқа мұқтаж болғандықтан, бұл кепілдікті «Есіл» әлеуметтік кәсіпкерлік компаниясы өз мойнына алып отырғаны оларға деген зор қолдау екендігі анық. Ендеше, форвордтық механизмнің тиімділігі өз-өзінен көрініп тұрғандай.
– «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» АҚ ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қаржылай қолдау арқылы түпкі мақсат – мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, Қазақстан астығын импортқа шығарудың маңызды міндеті де сіздерге жүктелген. Бұл орайда не айтар едіңіз?
– Импорт – елдің экономикалық әлеуетін асқақтататын елеулі көрсеткіш. Қазақстан бұл бағытта айтақаларлықтай табыстарға жетуде. Қазіргі күні еліміздің басты байлығын Өзбекстан, Қытай, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркменстан, Ауғанстан және Иран мемлекеттері жоғары сұраныспен сатып алуда. Биылғы жылдың өзінде азық-түлік Корпорациясы Қытай Халықтық Республикасына «hi-pro» деңгейіндегі 58,8 мың тонна 3 класты бидай дақылын экспорттаса, өзбекстандық әріптестерімізге 5000 тоннаға жуық
4 класты бидай жөнелтілді. Өзара ынтымақты байланыстағы жұмыс одан әрі жалғасын таба бермек.
– Әңгімеңіз үшін рахмет. Ұжымыңызға табыстар тілейміз.
Сұхбатты жүргізген Бақберген Амалбек,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар