«Ауылдықтар» еңбек адамының жағдайына назар аударды

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне кандидаттар Қ.Айтуғанов, Т.Рахымбеков және Т.Зейнуллин «Астана электротехникалық зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде, яғни, бұрынғы Целинсельмашта болып, еңбек ұжымымен кездесті.

Алдымен зауыт директоры А.Сыздықов депутаттыққа кандидаттарды зауыт жұмысымен таныстырды. Ол Қазақстан экономикасының барлық салалары үшін сапалы және қажетті электр техникалық жабдықтарды өндіру бойынша зауыт тұрақты жұмыс істеп тұрғанын атап өтті. Мұндағы жоғары білікті мамандар жобалаудан бастап монтаждауға дейінгі бүкіл процесті атқарып жатқандығын айтты. Қызметкерлер саны 160-тан астам адамды құрап, олар мұнда 60-қа жуық атаудан тұратын өнім түрлерін шығарады.

Қазіргі уақытта зауыт электр өнімдерін отандық өндіруші ретінде мемлекеттік тізілімге енгізілген. Зауыт қызметкерлері алдында сөйлеген депутаттыққа кандидат Т.Рахымбеков «Ауыл» партиясы жұмысшылардың заңды құқықтарына ерекше назар аударатынын атап өтті. Партия кәсіподақтармен бірлесіп, еңбеккерлер үшін заңнамада көзделген барлық кепілдіктерді – санаторийлік-курорттық емдеуді, сауықтыруға арналған төлемдерді, балаларды жазғы демалыспен қамтамасыз етуді қамтитын әлеуметтік пакетті әзірлеуді және енгізуді жақтайды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің ректоры Қайрат Айтуғанов «Астана электротехникалық зауыты» серіктестігінің  аграрлық жоғары оқу орындарының түлектері үшін бірінші жұмыс орнын квоталау жөніндегі партияның бастамасын іске асыруға қатысуға барлық мүмкіндіктері бар екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол «Ауыл» партиясы коммуналдық қызметтерге, бірінші кезекте өндірістік сектор кәсіпорындары үшін электр энергиясына тарифтерді субсидиялау жүйесін енгізуді қолдайтынын айтты. Осыдан кейін «Ауыл» партиясынан депутаттыққа кандидаттар ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары және Кәсіподақтар федерациясының республикалық бақылаушылар штабының жетекшісі Нұрлан Өтешевпен кездесіп, жұмысшылардың құқықтарын қорғау және сайлау үдерісіндегі бақылаушылардың рөлі жөніндегі мәселелерді талқылады.

Сайлауалды тұғырнаманы таныстыра отырып, «Ауыл» партиясынан кандидат Қайрат Айтуғанов ауыл шаруашылығында көп жағдайда еңбек қатынастары үлгілік еңбек шарттары шегінде формальді түрде реттелетінін атап өтті. Шалғайдағы мал шаруашылығы мен үй шаруашылығында жағдай одан да нашар, яғни, қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы барлық жағдайлар тиісті қағазсыз сөзбен ғана келісіледі. Қ.Айтуғановтың пікірінше, осыған байланысты еліміздің әрбір ауданында кәсіподақ қозғалысын жандандыру қажеттігі пісіп-жетілген. Ауыл еңбеккерлері өздерінің заңды құқықтарын түсіндіруге және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін шешуге аса мұқтаж.

Кездесу барысында «Ауыл» партиясының Республикалық қоғамдық штабының жетекшісі, депутаттыққа кандидат Төлеутай Рахымбеков Қазақстанның кәсіподақтар Федерациясы мемлекеттік билік органдарынан, жұмыс берушілерден және саяси партиялардан тәуелсіз бірнеше қоғамдық институттардың бірі болып табылатынын атап өтті. Отыз жылдан бері Федерация азаматтық қоғамның құқығын лайықты қорғап келеді және өзінің ерекше беделінің арқасында байқаушы ретінде сайлауға үнемі қатысып келеді екен. Оның ойынша, федерацияның өңірлердегі өкілділігінің жоғары деңгейі, оның объективтілігі мен мінсіз тәжірибесі сайлау учаскелерін барынша қоғамдық бақылаумен қамтуға мүмкіндігі бар, бұл электоратты белсенділікке ынталандыру үшін маңызды фактор.

Кәсіподақтар федерациясының деректері бойынша АӨК қызметкерлерінің мүдделерін қорғау үшін тиісті бірлестіктер құрылып, жұмыс істеуде, алайда, олардың саны ұлғайтуды қажет етеді. Жалпы, Кәсіподақтар федерациясының республикалық бақылаушылар штабының жетекшісі Нұрлан Өтешев хабарлағанындай, дауыс беру барысын 7 мыңға жуық адам бақылайтын болады және олардың әрқайсысы сайлаушыларға мәжбүрлі түрде ықпал ету әрекеттерінің жолын кеседі.
Ырысалды ШАМШИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар