Науқастағандар азайып келеді

Облысымызда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 0,9 пайызға төмендегені байқалады.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, ағымдағы жылдың 1 қазаны мен 19 желтоқсаны аралығында облыста коронавирус инфекциясы зертханалық расталған 3086 жағдайы және коронавирус инфекциясы белгілері бар вирустық пневмонияның 510 жағдайы тіркелді. 47,4 пайыз жағдай (1462) өзін-өзі жүгінген кезде, байланыста болғандар арасында 39,5 пайыз (1220), профилактикалық скрининг барысында 13,1 пайыз (404) анықталды. Стационарларда 376 науқас емдеу курсынан өтіп жатса, 559 адам амбулаториялық медициналық көмек алуда
Соңғы аптада, яғни 12-19 желтоқсан аралығында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 437 жағдайы тіркелді. Нақтырақ айтсақ, алдыңғы аптада – 454 жағдай, төмендеуі 0,9 пайыз. Тәулігіне симптомдық және симптомсыз саны бірдей коронавирус инфекциясы зертханалық расталған 59 жағдай тіркелді.
Жіті респираторлық вирустық инфекциясы белгілерімен жүгінген 20 адамда, байланыста болғандар арасында 32 адамда және кәсіби тексеру кезінде 7 адамда коронавирус инфекциясы анықталды. Ересектер арасында – 53 жағдай, 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 6 жағдай тіркелді. Бір тәулік ішінде 82 байланыста болған адам мониторингке алынды. Науқастардың арасында 1 сәби, 4 оқушы, 2 медицина қызметкері, 23 жұмысшы, 15 зейнеткер және басқа санаттағы 10 адам бар.
Жалпы, коронавирус инфекциясын жұқтырудың 30 жағдайы Көкшетау қаласында, 11 жағдайдан Сандықтау және Бурабай аудандарында, 4 жағдай Зеренді ауданында, 2 жағдай Астрахан және 1 жағдай Ақкөл аудандарында тіркеліп отыр.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар