Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жемқорлықпен күрес уақыт талабы және ел тілегі - АРҚА АЖАРЫ

Жемқорлықпен күрес уақыт талабы және ел тілегі

Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішнен жоюдың бастамасы және жетістіктерді жоққа шығаратындығы, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіретіндігі күмәнсіз. Сондықтан да, Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып табылып, саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны айқын. Әрбір қоғам дамуының күнгей жағымен бірге, көлеңкелі тұсы да қатар жүретіндіктен, елдің әлеуметтік хал-ахуалын жақсартып, экономикалық жоғары деңгейге жету, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалып жатқан кезде, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.
Мемлекеттік міндетті атқаратын және оларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін, мүмкіндіктерін пайдалана отырып, пайда табу сыбайлас жемқорлық деп анықталған. Мемлекеттік тиісті органдар сыбайлас жемқорлықпен күресті жүйелі түрде жалғастырып, пәрменді шараларды қолға алып отырғандығы баршаға белгілі. Оның айтарлықтай нәтижесі де бар. Олар туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғамға айтылып жүр.
Қазақстан – бұрынғы Кеңес Одағы аумағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық конвенцияларға қосылған алғашқы мемлекеттің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында мемлекеттік қаржының мақсатты жұмсалуына үнемі тексерулер жүргізіліп отырады және мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайту қамтамасыз етілуде.
Сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабу барысында оны туғызатын әлеуметтік-экономикалық жағдайларды барынша азайту қажет. Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары әлеуметтік тұрғыдан пайда болғандықтан, оны болдырмауды және алдын алуды барлық мемлекеттік мекемелер қамтамасыз етуі қажет. Әрине, дей тұрғанмен, басқаларға үлгі-өнеге көрсетуге тиісті атқарушы және мемлекеттік органдардың лауазымды иелерінің заңсыз әрекеттеріне тосқауыл қоя отырып, прокуратура органдары, басқа да құқық қорғау бағытындағы күштер осы тұрғыдағы жұмыстарды күшейткен үстіне күшейте түсулері керек. Яғни, Президентіміздің Қазақстан халқына Жолдауына орай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлерінің басты міндеті болып қала беруі тиіс.

Айгүл ЖАЗИНА,
Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар