Президент шыршасы балалар көңіліне шырай берді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың балаларға арналған Жаңа жылдық шырша мерекесі болып өтті. «Ғажайыпқа толы Жаңа жыл» деп аталатын бұл мереке ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде өткізілді. Оған қатысқан Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Президент атынан балаларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, олардың оқуда озат, өмірде бақытты болуларына тілектестігін білдірді.

Президент шыршасына облысымыздан оқуда озат, түрлі олимпиадалар мен жарыстардың жеңімпазы атанған, сондай-ақ, көп балалы және аз қамтылған отбасында тәрбиеленіп отырған 200-ге жуық оқушы қатысты. Алғаш рет онлайн режимде өткен Президент шыршасы театрландырылған қойылыммен ашылды. Көкшетаудағы Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің оқытушылары мен шәкірттері қойған бұл жаңа жылдық қойылымды оқушылар облыстық білім басқармасының Bilim Live Aqmola you.tube арнасы арқылы тамашалай алды. Театрландырылған қойылым ертегі кейіпкерлерінің көптігімен кішкентай көрермендердің көңілін баурап алды.  Зерек Тазша бала,  сүйкімді Микки Маус, Жаршы мен келе жатқан жаңа жылдың символы Торпақ балалармен қызықты викториналар өткізіп, Масканың зұлым істерінен Аяз ата мен Ақшақарды құтқаруға тырысты. Барлығы бірге көңіл көтеріп, Жаңа жылдық шыршаны жақты. Президент шыршасына облысымыздан оқуда озат, түрлі олимпиадалар мен жарыстардың жеңімпазы атанған, сондай-ақ, көп балалы және аз қамтылған отбасында тәрбиеленіп отырған 200-ге жуық оқушы қатысты. Алғаш рет онлайн режимде өткен Президент шыршасы театрландырылған қойылыммен ашылды. Көкшетаудағы Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің оқытушылары мен шәкірттері қойған бұл жаңа жылдық қойылымды оқушылар облыстық білім басқармасының Bilim Live Aqmola you.tube арнасы арқылы тамашалай алды. Театрландырылған қойылым ертегі кейіпкерлерінің көптігімен кішкентай көрерме

ндердің көңілін баурап алды.  Зерек Тазша бала,  сүйкімді Микки Маус, Жаршы мен келе жатқан жаңа жылдың символы Торпақ балалармен қызықты викториналар өткізіп, Масканың зұлым істерінен Аяз ата мен Ақшақарды құтқаруға тырысты. Барлығы бірге көңіл көтеріп, Жаңа жылдық шыршаны жақты. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев балаларға Мемлекет басшысының құттықтауын жеткізіп, олардың білімді де саналы, шығармашыл болып өсе берулеріне тілектестік білдірді. – Қымбатты балалар! Бәріміздің сүйікті мерекеміз – Жаңа жылға санаулы күндер қалды. Біз осы мейрамда керемет сыйлықтар, ғажайып көңілді оқиғалар мен үлкен қуаныш күтеміз. Себебі, ол шаттық пен балалық бақыт мерекесі. Бүгін сендердің алдарыңда барлық мүмкіндіктер мен жолдар ашық. Әр баланың өсіп, дамуы үшін қажетті жағдай жасалған. Өйткені, біздің басты байлығымыз сендерсіңдер, балалар! Сондықтан да, жаңажылдық бірінші іс-шараны сендермен бірге Ақмола облысының басты шыршасында қарсы алып отырмын. Жаңа жылда сендерге денсаулық пен қуаныш, оқуда жоғары жетістіктер мен жақсы көңіл-күй тілеймін! Жаңа жыл құтты болсын! – деген аймақ басшысы өңірімізде балалардың сапалы білім алуына барлық жағдайлар жасалып жатқанын, биыл облыс орталығында балалар мен жасөспірімдерге арнап ең озық технологиямен жабдықталған «Болашақ сарайы» ашылғанын атап өтті. Сондай-ақ, Президент шыршасын онлайн тамашалап отырған дарынды және талантты балалардың алдағы уақытта да оқу мен өнерде жақсы нәтиже көрсететіндеріне сенім білдірді.Бұл күні балаларға Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойынан естелік, сондай-ақ, сарқылмас білімнің символы ретінде Абайдың шығармашылығы туралы кітаптар және де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құттықтау хаттар, тәтті сыйлықтар мен 100 мың теңге көлемінде ақшалай сертификаттар сыйға тартылды.  Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар