Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусинаның айтуынша, репродуктивті санды есептеу кезінде коронавирус инфекциясының таралуы өңірде өткен аптамен салыстырғанда 47 жағдайға көбейіп отыр. Репродуктивті көрсеткіш-1,03. Ол көп болған жағдайда өңір «қызыл» аймаққа өтеді.
«Жағдай күн сайын өзгеріп отырады. Алдын ала бірдеме айтуға әлі ерте. Сондықтан, өзгерістер туралы алдағы апта да айтылатын болады», — деді Айнагүл Мусина.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, Ақмола облысында COVID-19 расталған 6917 жағдай тіркелді. Бір тәулік ішінде 56 ақмолалық ауырып, 70 адам сауығып шықты. 411 адам инфекциялық стационарларда емделуде. Өлім саны-94. 25 желтоқсандағы репродуктивті көрсеткіш 1,03 құрады.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.