Ақмола облысы COVID-19 таралуы бойынша «қызыл» аймаққа өтті

Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусинаның айтуынша, репродуктивті санды есептеу кезінде коронавирус инфекциясының таралуы өңірде өткен аптамен салыстырғанда 47 жағдайға көбейіп отыр. Репродуктивті көрсеткіш-1,03. Ол көп болған жағдайда өңір «қызыл» аймаққа өтеді.
«Жағдай күн сайын өзгеріп отырады. Алдын ала бірдеме айтуға әлі ерте. Сондықтан, өзгерістер туралы алдағы апта да айтылатын болады», – деді Айнагүл Мусина.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, Ақмола облысында COVID-19 расталған 6917 жағдай тіркелді. Бір тәулік ішінде 56 ақмолалық ауырып, 70 адам сауығып шықты. 411 адам инфекциялық стационарларда емделуде. Өлім саны-94. 25 желтоқсандағы репродуктивті көрсеткіш 1,03 құрады.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар