28 желтоқсанда Көкшетау қаласында «Ауыл» партиясынан Ақмола облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Мырзабек Құрманғалиев, облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Мұрат Шәмшінұровтың сенімді өкілі Әбілжан Құсайыновтың «Kaz Tech Сельмаш» ЖШС ұжымымен кездесуі өтті. Кәсіпорын ауыл шаруашылығы техникасына арналған аспалы жабдық өндіреді.
Кездесу барысында партия өкілдері партияның сайлауалды бағдарламасы туралы айтып, қызметкерлердің түрлі сұрақтарына жауап берді.
Өз материалдарынан.