Құрметті ақмолалықтар! Баршаңызды келе жатқан 2021жыл мен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жыл әр отбасының жаңа бір үміт-тілекпен қарсы алатын мерекесі. Әркім өткенді ой елегінен өткізіп, артта қалып бара жатқан жылдың қиыншылығын бірге еңсерген жандардың бір-біріне алғыс айтып, тілектес болары бар.
Барша ақмолалықтарға бірлесіп атқарған нәтижелі жұмыстарымыз үшін ризашылығымды білдіремін. Коронавирус індеті және соған сәйкес карантиндік шектеулер барлық әлемнің ғана емес, біздің еліміздің де ынтымағы мен бірлігімізді сынға салған шынайы емтиханға айналды.
Індетке қарсы және оның зардаптарын жою күресінде ақмолалықтар бірлік, ізгілік, еңбексүйгіштік пен жоғары жауапкершілік таныта білді. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап көрсеткеніндей әрбір дағдарыстық жағдай жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Барлық қиындықтарға қарамастан сол дағдарысты жағдайды бірлесіп жеңіп, үлкен жұмыс атқардық.
Біз 2020 жылды облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық салаларында маңызды жетістіктермен және жағымды өзгерістермен аяқтап отырмыз. Өңірімізде барлық көрсеткіштер бойынша оң нәтижеге қол жеткізіп, республикада алдыңғы қатарда тұрмыз. Жыл ішінде біз қауіпсіз және жайлы өмір сүруді қамтамасыз ете алдық. Жаңа тұрғын үйлер, мектептер, ауруханалар және өзге де әлеуметтік нысандар салынды. Жол-көлік инфрақұрылымы дамытылды. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, цифрландыру саласында мүмкіндігі зор жобалар жүзеге асырылды.
Осы игі істерді, өңірдің өмірінің жақсаруы мен экономикасының дамуын жүзеге асыруға үлес қосқан, күрделі кезеңде қажырлы еңбек еткен барлық ақмолалықтарға шынайы ризашылығымды білдіремін.
Әрине, жаңа жылды біз бірге бас қоспай, жаппай шаралар өткізбей қарсы алуға мәжбүрміз. Індетке байланысты біз өзімізді және жақындарымызды сақтай білуіміз керек. Жаңа жыл отбасылық мереке болғандықтан, оны әркім өзінің отбасымен қарсы алудың жақсы бір мүмкіндігі туып отыр. Баршаңызды жаңа жылды өз отбастарыңызбен қарсы алуға шақырамын.
Біз, міне 2021 жылды қарсы аламыз! Жаңа жыл біздің мемлекетіміздің тарихында маңызды жыл болғалы тұр. Жаңа жылдың басты ерекшелігі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл! 2021 жылдың 10 қаңтарында Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарын сайлау өтеді. Осы орайда бәрімізде дұрыс таңдау жасайтындығымызға сенімдімін.
Құрметті ақмолалықтар! Біздің қол жеткізген барлық табыстарымыз бірлескен еңбегіміз бен мақсаткерлігіміздің жемісі. 2021 жылды да сенімді жалғастырып, ілгері басарымызға және Мемлекет басшысы алға қойып отырған басты міндеттерді бірлесіп шешетіндігімізге, елдің бірлігі мен ынтымағын сақтайтындығымызға сенімдімін. Жаңа жылда баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен береке тілеймін! Ел бірлігі сақталып, халқымыз ұлы жеңістерге жете берсін! Жаңа жыл құтты болсын!
- * * *
Құрметті ақмолалықтар!
Ақмола облыстық мәслихатының депутаттық корпусы Сіздерді Жаңа 2021 жылмен құттықтайды!
Кезекті жыл да аяқталып қалды, әрқайсымыз үшін бұл өте қиын жыл болды. Соған қарамастан, біз көптеген өзекті мәселелерді шешіп, жаңа тәжірибе мен баға жетпес өмірлік сабақ алдық.
Болашаққа қадам жасамас бұрын, жетістіктерімізді еске түсіріп, қателіктерімізді ескеріп, жаңа міндеттер қоюымыз керек. Қажырлы еңбектің, жеке жетістіктеріміздің және ұмтылыстарымыздың нәтижесі Отанымыздың тағдырымен ұштасып жатыр, ал, отбасымызға, балаларымызға, ата-аналарымызға деген қамқорлық табысты өркендеп келе жатқан Қазақстан, оның болашағы үшін жауапкершілікпен тығыз байланысты.
Құрметті достар! Жаңа жыл, ең алдымен, отбасылық мереке болып саналады. Сондықтан болар, ол әрқайсымызға қымбат. Өйткені, отбасы – махаббаттың, мейірімділіктің және рухани жайлылықтың басты көзі. Біз күн сайын жақындарымыздың қолдауына мұқтажбыз, олар әрқашан бізге сенеді. Сондықтан, бүгін біз ештеңеге қарамастан, жаңа жылдың келуіне шын жүректен қуанамыз, оны болашаққа деген үмітпен және армандармен қарсы аламыз.
Үміт, рухани өрлеу және сенімділік Сіздерді үнемі алға жетелесін! Келер жыл өткен жылда қол жетпеген жетістіктерге жетуге мүмкіндік берсін және келесі жылға жоспарланғанның бәрі орындалсын. Баршаңызға мықты денсаулық, парасаттылық пен шыдамдылық тілеймін.
Жаңа жылыңызбен! Биылғы жыл көптеген мүмкіндіктер мен тың ойларды, бақытты жағдайларды және жақсы сәттерді ала келсін!
Әсен ЖАҚСЫЛЫҚОВ,
Ақмола облыстық мәслихаты
хатшысының міндетін атқарушы.