«Сары» аймаққа өттік

Коронавирустың кең таралуына жол бермеу арқайсымыздың міндетіміз! Санитарлық талаптарды қатаң сақтайық!

Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусинаның қатысуымен өңірлік коммуникациялар қызметінде өңіріміздегі эпидемиологиялық ахуал, сондай-ақ, карантин шараларына енгізілген өзгерістер жайлы брифинг болып өтті.

Айнагүл Советқызының айтуынша, облыстағы эпидемиологиялық ахуал әлі де тұрақсыз. Бірнеше күн «қызыл аймақта» болған біздің облыс қазіргі таңда қайтадан «сары аймаққа» енгізілген. Күн сайын коронавирус жұқтырған 50 науқас тіркелуде. Оның ішінде науқастардың басым бөлігі  Көкшетау қаласына тиесілі. Одан кейін Степногорск қаласы мен Бурабай ауданы тұр. Бүгінде облыста коронавирус індеті тіркелмеген бірде-бір қала, аудан жоқ. Барлық жердегі эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз.  Айнагүл Советқызының айтуынша, облыстағы эпидемиологиялық ахуал әлі де тұрақсыз. Бірнеше күн «қызыл аймақта» болған біздің облыс қазіргі таңда қайтадан «сары аймаққа» енгізілген. Күн сайын коронавирус жұқтырған 50 науқас тіркелуде. Оның ішінде науқастардың басым бөлігі  Көкшетау қаласына тиесілі. Одан кейін Степногорск қаласы мен Бурабай ауданы тұр. Бүгінде облыста коронавирус індеті тіркелмеген бірде-бір қала, аудан жоқ. Барлық жердегі эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Үстіміздегі жылдың қазан айынан облыста коронавирус жұқтырған 3594 науқас анықталған. Өткен тәулікте 55 адамда індет лабораториялық расталыпты. Дегенмен, репродуктивтік сан 1-ден төмен.  –Мектептерде 221 дерек тіркелді. Оның 71-і дәстүрлі режимде, 140-ы қашықтықтан оқып жатқан балалар. Ал, мектепке дейінгі мекемелерде 56 науқас тіркелді. Сонымен қатар, тәрбиешілер арасында 24 дерек анықталды. Енгізілген карантин талаптарына қарамастан, жиын-тойларды өткізу тыйылмай келеді. Тіпті, кейбір балабақшалардың да ертеңгіліктер, мерекелік шаралар өткізгені анықталып жатыр, – деген бас мемлекеттік санитарлық дәрігер облыс тұрғындарын өздерінің және жақындарының денсаулығына бей-жай қарамауға, карантин талаптарын сақтауға шақырды.   Облыста күніне 3 мың ПТР тестілеу жүргізіледі. 6 зертхана жұмыс істейді. Резервте тағы екі ветеринарлық зертхана барын айтқан Айнагүл Мусина 2020 жылдың 30 желтоқсанынан бастап күшіне енетін қаулыға нақтылы тоқталып өтті. Жаңа қаулыға сәйкес, кинотеатрлар мен театрлардың қызметіне әлі рұқсат жоқ. Сонымен қатар, қалааралық қоғамдық көліктердің жүруіне қатысты бірқатар шектеулер бар. Онымен тұрғындар өңірдің санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің сайтында таныса алады. Ал, қалаішілік қоғамдық көліктер жұмыс күндері де, демалыс күндері де қызметін тоқтатпайды.       Тағы бір айта кететін жайт, 300 оқушысы бар мектептер оқу жылының үшінші тоқсанында да дәстүрлі режимде оқытуды жалғастырады. Қалған мектептерде де 1-5 сынып оқушылары үшін кезекші сыныптар сақталады. Және де 9 бен 11 сыныптардың оқушылары үшін кезекші сыныптар құрылады. Колледждер мен жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттері де екінші семестрден дәстүрлі режимде оқытыла бастайды.
Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар