Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Еңбек еткісі келетіндерге жұмыс бар - АРҚА АЖАРЫ

Еңбек еткісі келетіндерге жұмыс бар

Көкшетау қалалық әкімдігі жанындағы тұрғындарды жұмыспен қамту орталығына 4,2 мың адам келіп, оның 78 пайызы жұмыспен қамтылды. Биылғы жылдың басынан бері 1297 жұмыссыз адам тіркелді.

Қазір жұмыссыз жүрген 375 адам есепте тұр. Биыл мүмкіндігі шектеулі 133 адам жұмысқа орналастырылды. Олардың 20-сы квота бойынша, 46-ы жұмыспен қамтудың белсенді түріне жіберілді. Тұрғындарды жұмыспен қамтудың өзекті мәселелерінің бірі тұрақты жұмыс орнына орналастыру болып табылады. Көкшетау қаласында 2,5 мың жұмыс орнын, оның ішінде 1675 тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарланған. Бүгінгі күні 2585 жаңа жұмыс орны, оның ішінде 1732 тұрақты жұмыс орны ашылды. «Еңбек» жаппай кәсіпкерлікпен тиімді қамтудың бағдарламасы бойынша биылғы жылдың жоспарлық көрсеткіші толық көлемде орындалды.
Бірінші бағыт аясында жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар сапынан жұмысшы кадрларын қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың жылдық жоспарына 112 адам межеленген болатын. Қазір 100 адам дәнекерлеуші, электрик, автоэлектрик, аспазшы, кулинар-кондитер, тігінші тәрізді еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша оқуға мүмкіндік алды. Оқуды аяқтағандардың 109-сі еңбекпен қамтылды.
Екінші бағыт аясында «Жаппай кәсіпкерлікті дамытуға» 52 адам жоспарланып, бәрі шағын несие алды. Оның ішінде 21 адам Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы несие алды. 21 шағын несие екінші деңгейдегі банктерден алынды. Бұл негізінен, мал шаруашылығы, сауда және қызмет саласы жобалары. Басым бағыттардың бірі – грант беру. Жыл басынан бері 108 адамға грант берілді. Қайтарылмайтын грант алғандар ішінде мүгедектер, көп балалы отбасылар, жастар және өзгелер бар.
Үшінші бағыт аясында тұрғындарды жұмыспен қамтуға ықпал ету арқылы еңбек нарығын дамытудағы жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 530 адам қамтылып, жоспар 106 пайызға орындалды. 55 әлеуметтік жұмыс орны ашылды. 39 адам жұмысын аяқтады. Оның 36-сы жұмысқа орналастырылды. 16 адам жұмысын жалғастыруда. Белгілі себептер бойынша 3 адам жұмысқа орналаса алмады. Қалған екі адаммен жұмысқа орналасуға ықпал ету жұмысы жүргізілуде.
Жастар тәжірибесіне 125 адам жіберілді. Бүгінгі күні 112 жас адам тәжірибе алды. Оның 92-сі жұмысқа орналастырылды. 13 адам тәжірибеден өтуде. Белгілі себептермен 10 адам жұмысқа орналаса алмады. Он бір адаммен жұмыс жүргізілуде. Олар жыл соңында жұмысқа орналасады. Жоспар бо-
йынша 350 адам қоғамдық жұмысқа жіберілді. 293 адам жұмысын аяқтады. 142 адам жұмысқа орналасты. 57 адам жұмысын жалғастыруда. Белгілі себептермен 149 азаматтың жұмысқа орналасуына ықпал ету мүмкін болмады. Жұмысқа орналастыру бойынша 2 адаммен жұмыс жүргізілуде. Жұмыспен қамтудың өзекті мәселелерінің бірі жұмыспен қамтудың Жол картасы болып табылады. Оның аясында Көкшетау қаласында 64 жоба жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні Көкшетау қаласы бойынша 2,1 мың адам жұмысқа орналасты. Бұл – жылдық жоспардың 53,6 пайызы. Облыс орталығында 2,1 мың жұмыс орны, оның ішінде 1,1 мың жұмыс орны Көкшетау қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы ашылды.
Біздің орталық қаланың шетінде орналасқандықтан болар, күніне 30-40 шақты адам келеді. Олардың бәрін жұмыспен қамтуға тырысамыз. Мәселен, Гүлнәр Сағымбекованы «Келешек-2030» серіктестігіне кітап қаттаушы, Ольга Очеретованы қалалық емханаға медициналық тіркеуші етіп орналастырдық. «Гормолзавод» серіктестігіне жүк тиеушілер жібердік. Орталық базарға барып, дауыс зорайтқыш аспап арқылы жұмыссыз жүрген адамдарды табамыз. Осы мақсатпен Көкшетау қаласының іргесіндегі Станционный, Застанционный, Краснояр, Нұрлыкөш, Бірлік және Ақкөл, Қызылтаң тәрізді елді мекендерде де болдық. Жалпы, жұмыс істеймін деген адамға жұмыс жетеді. Бос орындардың тізімін интернет арқылы тауып алуға болады. Бұл базада бүгінгі күні 415-тен астам бос жұмыс орны бар. Мамандығы бойынша жұмыс таба алмай жүрген жандарды басқа мамандық бойынша оқуға жібереміз.
Асыл МОЛДИЯРОВА,
Көкшетау қалалық әкімдігі жанындағы халықты жұмыспен қамту орталығының директоры

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар