Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова хабарлады.
«Бүгінгі таңда барлық денсаулық сақтау басқармаларында жауапты тұлғалар анықталды, олардың телефондарының тізімдері Мемсанэпидқадағалау комитетінің сайтында, сондай-ақ денсаулық сақтау басқармаларының сайттарында жарияланған. 31 желтоқсаннан 3 қаңтар сағат 24.00-ге дейін сайлау комиссияларының мүшелерін, бақылаушылар мен сенім білдірілген адамдарды тегін ПТР-тестілеуден өткізу үшін өтінімдер қабылданады», — деді ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова.
Сонымен қатар, спикер сайлау күні эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін зертханалардың қуаттылығы жеткілікті екенін атап өтті.