Сайлау комиссияларының мүшелері, бақылаушылар мен сенім білдірілген адамдар 3 қаңтар күні сағат 24.00-ге дейін тегін ПТР-тестілеуден өту үшін өтінім бере алады

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова хабарлады.

«Бүгінгі таңда барлық денсаулық сақтау басқармаларында жауапты тұлғалар анықталды, олардың телефондарының тізімдері Мемсанэпидқадағалау комитетінің сайтында, сондай-ақ денсаулық сақтау басқармаларының сайттарында жарияланған. 31 желтоқсаннан 3 қаңтар сағат 24.00-ге дейін сайлау комиссияларының мүшелерін, бақылаушылар мен сенім білдірілген адамдарды тегін ПТР-тестілеуден өткізу үшін өтінімдер қабылданады», – деді ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова.

Сонымен қатар, спикер сайлау күні эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін зертханалардың қуаттылығы жеткілікті екенін атап өтті.

https://ortcom.kz/kk/novosti/sajlau-komissiyalarynyn-musheleri-baqylaushylar-men-senim-bildirilgen-adamdar-3-qantar-kuni-sagat-2400-ge-dejin-tegin-ptr-testileuden-otu-ushin-otinim-bere-alady

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар