Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстан заңнамасында 2021 жылдың қаңтарынан бастап болатын өзгерістер - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстан заңнамасында 2021 жылдың қаңтарынан бастап болатын өзгерістер

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК), айлық еңбекақы мөлшері (АЕМ) және басқа да есептік шамалар
«2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң қабылданды.
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап:
– ең төменгі жалақы мөлшері – 42 500 теңге;
– мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 18 524 теңге;
зейнетақының ең төменгі мөлшері – 43 272 теңге;
– айлық есептік көрсеткіш – 2 917 теңге;
– базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 34 302 теңге.
2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы 7 пайызға артады.
Жеке тұлғалардың кірістерін декларациялау
Салық кодексіне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер енгізілді.
Атап айтқанда, көп балалы отбасы үшін, ерікті зейнетақы жарналары бойынша, оқуға, медицинаға, сыйақылар бойынша, сақтандыру сыйлықақылары бойынша салық шегерімдері қосылды.
Сондай-ақ, жеке практикадан түскен кірістерге жеке сот орындаушылары, адвокат және кәсіби медиатордың кірістері қосылды.
Қосымша салықтық рақымшылық
Салық кодексіне және оны қолданысқа енгізу туралы заңға түзетулер жеке тұлғалар үшін 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша салық төлеушінің дербес шотында есепте тұрған өсімпұлды есептен шығару бойынша қосымша салықтық рақымшылық жасауды көздейді.
Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу
Азаматтарға біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдаланған кезде жеке табыс салығы (ЖТС) төлеуді кейінге қалдыру құқығы берілді, сондай-ақ, оны есептеу, ұстап қалу және төлеу тәртібі айқындалады; шағын және орта бизнес субъектілеріне құқық беру үшін бөлшек салықтың арнаулы салық режимі енгізіледі.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі жұмысын бастайды. Құқықтары бұзылған тұтынушы ТҚЕАЖ арқылы сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) немесе тұтыну дауын сотқа дейін реттеу субъектісіне жүгіне алады.
Шетелдік жұмыс күші
Маусымдық қызметкерлер үшін Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту үшін алым мөлшерлемелері өзгертілді.
Олар мынадай:
90 күнтізбелік күнге дейін – 12 еселенген АЕК мөлшері;
180 күнтізбелік күнге дейін – 24 еселенген АЕК мөлшері;
270 күнтізбелік күнге дейін – 36 еселенген АЕК мөлшері;
365 күнтізбелік күнге дейін – 48 еселенген АЕК мөлшерінде төленеді.
Сонымен қатар, шетелдік маусымдық жұмысшылар кәсіптерінің тізімі бекітілді.
Бюджет
2021 жылдан бастап кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының мәтінінде мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарының мөлшері қамтылуға тиіс.
Жарнама
Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері ұлттық стандарттарға сәйкес келуі тиіс.
Медицина
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер дәрілік заттарды өндіру кезінде тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарын сақтауға міндетті.
Білім
Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың барлық түрлерінің қосымша парақтарының бланкілерінде деректерді автоматты сәйкестендіру және жинау технологиясы немесе QR код қолданылады.
Сондай-ақ, мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттарға қосымша парақтардың, қосымшалардың бланкілерінде мәлімделген білім беру бағдарламаларын аккредиттеген аккредиттеу агенттіктерінің логотиптері орналастырылады.
Азаматтың шығыстарын растау
Мемлекеттік кірістер органдары білім беруге, ипотеканы өтеуге, медицинаға арналған шығыстар туралы мәліметтерді жинайтын болады.
Нотариустар
Нотариустар мемлекеттік кірістер комитетіне (МКК) мәліметтерін ұсынуы керек: егер мәміле бағасы 160 еселенген АЕК-тен асатын болса, мемлекеттік тіркеуге жататын мүлік жөніндегі мәмілелер мен шарттар туралы, мұраға құқық туралы берілген куәліктер туралы, басқа да мәмілелер мен шарттар туралы мәліметтерді ұсынады.
Брокерлер
Брокерлер Мемлекеттік кіріс органдарының сұрау салуы бойынша жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен және биржалық тауарлармен мәмілелері туралы ақпарат беруге тиіс.
Микроқаржы қызметін лицензиялау
Микроқаржы ұйымдарының, кредиттік серіктестіктердің және ломбардтардың қызметі жаңа ережелерге сәйкес лицензияланатын болады. Қызмет алушылардан алынатын лицензиялық алымдар:
1. лицензия беру үшін 30 АЕК-ті құрайды;
2. лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензияны беру ставкасының 10 пайызын құрайды;
3. лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензияны беру ставкасының 100 пайызын құрайды.
Тиісті қызмет Мемлекеттік қызметтер тізілімінде пайда болады.
Әкімшілік өндіріс
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға немесе қарауға уәкілетті органдар әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімін жүргізетін болады. Онда Әкімшілік құқық бұзушылық, оларды жасаған адамдар, олар бойынша қабылданған шешімдер туралы мәліметтер қамтылады, сондай-ақ, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді электрондық нысанда жүргізу жүзеге асырылады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар