Жалпыға бірдей декларациялау енгізілді

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап табысы мен мүлкі жөніндегі декларация енгізу басталды. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті жалпыға бірдей декларациялау басқармасының басшысы Дина Құсайынованың айтуынша, жалпыға бірдей декларацияның басты мақсаты – көлеңкелі экономикамен күрес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құралды қалыптастыру әрі ел бюджетін толықтыру. Жалпыға бірдей декларациялауға елдің әрбір азаматының өмірін жақсартудың көптеген мүмкіндігі кіреді. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап барша қазақстандықтар декларациялау жүйесіне енеді.

Алғашқы кезеңде оған мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген жұбайлары кіреді. Декларация тапсыратын адам 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі жағдай бойынша барлық активтері мен міндеттемелерін көрсетуі тиіс. Оның ішінде, жылжымайтын және жылжитын мүліктер, банк депозиттері, құнды қағаздар мен қолма қол ақша да көрсетіледі. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері және олардың жұбайлары декларация тапсырады. Бұндай кәсіпорындардың қатарында барлық салалар бойынша бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер мен кәсіпорындар, ұйымдар бар. Ал, 2024 жылдың қаңтарынан бастап барлық заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары өз мүліктері мен активтері туралы декларация тапсыратын болады. 2025 жылдың қаңтарында қалған категориядағы барлық азаматтар декларация тапсырады.
Жалпыға бірдей декларациялау көлеңкелі бизнестің жолын кесіп, азаматтардың мүлкінің ашықтығын, сол арқылы әлеуметтік көмек көрсету қызметі мен салық қызметін ретке келтіруге мүмкіндік туғызады деп күтілуде.
Қ.КЕЛДІҒҰЛҰЛЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар