Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Волонтер жылы қайырымды істерге толы болды - АРҚА АЖАРЫ

Волонтер жылы қайырымды істерге толы болды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2020 жыл «Волонтер жылы» деп жарияланып, еліміздің түкпір-түкпірінде осынау айтулы оқиға аясында көптеген іс-шаралар өтті. Қазақстан-Ресей жастарының форумында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы: «Мен әрқашан волонтерлер қозғалысын қолдайтынымды айтқым келеді. Еріктілер – жаны таза адамдар. Олар – елдің шынайы патриоты, сол үшін де құрметім шексіз. Белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз мемлекеттің дамуына айтарлықтай септігін тигізетіні сөзсіз», – деп атап өткен болатын.   Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2020 жыл «Волонтер жылы» деп жарияланып, еліміздің түкпір-түкпірінде осынау айтулы оқиға аясында көптеген іс-шаралар өтті. Қазақстан-Ресей жастарының форумында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы: «Мен әрқашан волонтерлер қозғалысын қолдайтынымды айтқым келеді. Еріктілер – жаны таза адамдар. Олар – елдің шынайы патриоты, сол үшін де құрметім шексіз. Белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз мемлекеттің дамуына айтарлықтай септігін тигізетіні сөзсіз», – деп атап өткен болатын.  

Шынымен де, ел еріктілері осы сенім үдесінен шыға білді деуге болады. Әсіресе, күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан коронавирус пандемиясы кезінде волонтерлер қарапайым халыққа көп көмегін тигізді. Олар қиын-қыстау жағдайда күш біріктіріп, тұрғындар мен мемлекет арасын жалғаушы алтын көпірге айналды.    Шынымен де, ел еріктілері осы сенім үдесінен шыға білді деуге болады. Әсіресе, күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан коронавирус пандемиясы кезінде волонтерлер қарапайым халыққа көп көмегін тигізді. Олар қиын-қыстау жағдайда күш біріктіріп, тұрғындар мен мемлекет арасын жалғаушы алтын көпірге айналды.    Иә, Волонтер жылы ақмолалық еріктілерге де тың серпін бергені сөзсіз. Облысымызда Волонтер жылы облыс әкімі бекіткен жоспарға сәйкес өтті. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Ақмола облысында волонтерлік қызметтің рөлін арттыруға және дамытуға бағытталған оқыту іс-шараларын ұйымдастыру» лоты іске асырылуда. Өңірімізде тұңғыш рет «Волонтерлерді қолдау орталығы» фронт-офисі ашылып, ол Асыл мұра, Білім, Саулық, Сабақтастық, Таза әлем, Үміт және Қамқор сияқты жеті негізгі бағыт бойынша жұмыс атқаруда. Облыстық жастар ресурстық орталығының мәліметтеріне сүйенсек, өткен жылы фронт-офис 53 іс-шара өткізген. Олар  онлайн бейнеконкурстар, челлендждер, волонтерлермен сұхбат, оқыту тренингтері, тимбилдингтер. Жалпы, облыста волонтерлік қызметке 3000-ға жуық ерікті тартылған. «Ақмола Жаңа Толқын», «Вера в добро», «Жизненный путь», «Біз біргеміз», «Dobroe serdce – Lider.kz» қоғамдық қорлары мен «Феникс» еріктілер орталығы секілді ұйымдар белсенді жұмыс жүргізуде. Бүгінде жалпы білім беретін мектептерде де еріктілер бар. Олардың саны 700-ге жуықтайды. Ал, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының базасында 33 волонтерлік жасақ жүйелі жұмыс жүргізуде, оған 800-ге жуық студент тартылған. Облысымыздағы колледждерде білім алатын 30-ға жуық оқушы Қазақстанның «Ұлттық еріктілер желісіне» кіреді.Осы арада, Волонтер жылының негізгі бағыттары бойынша атқарылған жұмыстарға нақтырақ тоқтала кетсек дейміз. Облыстық жастар ресурстық орталығы мамандарының айтуынша, «Таза әлем» бағыты бойынша өткен жылы Ақмола облысында қар тазалау бойынша «Біз біргеміз» республикалық акциясы жүзеге асырылды. Соның нәтижесінде 36 тоннадан астам қар шығарылып, зейнеткерлер, мүгедектер мен жалғызбасты қарттарға көмек көрсетілді. «Саулық» бағыты бойынша медициналық мамандықтарда оқитын жастармен Татьяна Спиглазованың жетекшілігінде «Вера в добро» қоғамдық қоры тұрақты жұмыс істейді. Бірлестік еріктілері 60-қа жуық мұқтаж адамға үйде паллиативтік көмек көрсетті. Өткен жылдың наурыз айында фронт-офис және басқа да еріктілер Ақмола облысының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен бірлесіп, небары екі күн ішінде 130-дан астам үйге барып, денсаулық жағдайы бойынша есепте тұрған адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізді. «Қамқор» бағыты бойынша облыста «Феникс» волонтерлер орталығы «Атаулы көмек» жобасын іске асырып, соның аясында  волонтерлер жалғыз тұратын қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың  үйлері мен аулаларын жинады. Осы жобамен 114 мекенжай қамтылды. «Феникс» волонтерлік орталығы жанынан мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсету бойынша «диспетчерлік қызмет» құрылып, волонтерлер 96 шақыртуды орындады.  Елімізде індеттің таралуының алдын алу, сондай-ақ, санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Ақмола облысының жастар ресурстық орталығы фронт-офис еріктілерімен бірлесіп, Көкшетау қаласындағы сауда үйлерінің, дүкендердің иелері мен қызметкерлеріне 1500-ден астам жадынама таратып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Былтыр еліміз бойынша жарияланған төтенше жағдай кезінде фронт-офис волонтерлері «Новопэк» серіктестігінің қолдауымен, «Қызыл Жарты Ай» Ақмола филиалымен және Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының волонтерлік орталығымен бірлесіп, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға бірінші қажеттіліктегі азық-түлікті жеткізуді ұйымдастырды. Kusto Group халықаралық компаниясы қайырымдылық жоба аясында Қазақстанға 1 миллиард теңге аударған болатын. Осы жобаны іске асыру аясында «Феникс», «Жаңа Толқын», «Dream» қоғамдық қорлары мен Көкшетау қаласының белсенді еріктілері сияқты еріктілер орталықтарына көмек көрсетілді. #KustoHelp іске қосылғаннан бері компания 10 665 отбасына 266 тонна азық-түлік, 6000 қорғаныс комбинезоны, 53000 медициналық маска, 5000 қорғаныс экраны, 2000-нан астам бактерицидті шамдар, атап айтқанда, Ақмола облысындағы акция кезінде 4 809 азық-түлік жинағын үлестірді. «Aсыл мұра» бағыты бойынша Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайында, «Ботай-Бурабай» ашық аспан астындағы мұражайында және Бурабай өлкесі тарихының мұражайында онлайн режимінде 3D тур ұйымдастырылды. «Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы аясында облыста «Бабалар ескерткіштері – ұрпаққа аманат» жобасы жүзеге асырылуда. Оның мақсаты – тарихи орындарды қоқыстан тазарту, азаматтардың экологиялық мәдениетін көтеру, экология мәселелеріне қоғамның назарын аудару болып табылады. Жоба қорытындысы бойынша 300-ден астам еріктілерді тарта отырып, аудандар мен қалалардың киелі жерлерінде 25-ке жуық экологиялық сенбіліктер өткізілді. Сондай-ақ, Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай ескерткіштер абаттандырылды. Жеңіс күні қарсаңында облыстық жастар ресурстық орталығы инстаграм әлеуметтік желісінде ардагерлеріміздің өмірбаяны мен ерліктері жарияланған «Ерлікке тағзым» парақшасын іске қосты.«Білім» бағыты бойынша «Қазақстан волонтерлер альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қаржылық қолдауымен ауылдық жерлердегі орта мектептердің жоғары сынып оқушыларына ҰБТ-ға дайындық, ағылшын тілін, компьютерлік және құқықтық сауаттылыққа үйрету мақсатында «Birgemiz: Bilim» жалпыұлттық жобасын іске асыруда. «Birgemiz» республикалық фронт-офисінің ашылуында Ақмола облысы «Үміт» бағытын жүзеге асыруға жауапты өңірлердің бірі ретінде белгіленген болатын. «Облыстық еріктілер слетінде» Ақмола облысының әкімдігі мен «Қазақстан волонтерлар лигасы» қоғамдық қоры арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып,  «Қазақстан волонтерлер лигасының» Ақмола облыстық филиалы ашылды. Аталған филиал жылу беру маусымында халыққа қауіпсіздік техникасын түсіндіреді,  адамдарды іздеуге көмектеседі. Сондай-ақ, филиал волонтерлері азаматтарға алғашқы медициналық, психологиялық көмек көрсету бойынша сабақтар өткізіп, донор ретінде де көмек көрсетті. Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеу шараларын үздіксіз жүргізу мақсатында облыстық полиция департаменті мен «Dobroe serdce kokshetau» қоғамдық қоры арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Осы уақытқа дейін 50 жоғалған  адам табылды. Қазіргі уақытта  Қазақ гуманитарлық-техникалық колледжінің «Көкше-іздеу» әскери-патриоттық іздеу клубы, Степногорск қаласының «Поколение» іздеу жасағы Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан жауынгерлердің туыстарын іздеу және тарихи шежірелерді жаңғырту жұмыстарын жүргізуде. «Úmit» бағыты бо-йынша «Lider.Kz» және Ақмола облысының еріктілер лигасы белсенді жұмыс атқаруда. «Birgemiz:Sabaqtastyq» жобасын іске асыру шеңберінде Ақмола облысы бойынша 5 шағын грант іске асырылуда. Сөз соңында айта кетсек, бүгінде  qazvolunteer.kz сайтына өңіріміздегі 1085 ерікті және 77 ұйым тіркелген. Өткен жылы біздің алты жерлесіміз «Жыл волонтері» және «Жомарт жүрек»  республикалық конкурстарының жеңімпазы атанды. Соның ішінде «Үздік волонтерлік ұйым» номинациясында Есіл қаласындағы агротехникалық колледждің «Әлем» волонтерлік отряды жеңіске жетсе, «Үздік әлеуметтік көмекші» номинациясында Көкшетау қаласындағы «Феникс» волонтерлік орталығының жетекшісі, «Халық алғысы» медалінің иегері Ербол Амантаев топ жарды. Және де «Жыл волонтері»  республикалық байқауының «Құқық бұзушылықтан зардап шеккендерге көмек көрсетуге белсенді қатысқаны үшін» номинациясында Степногорск қаласының «Женский луч» қоғамдық бірлестігі де жеңімпаз атанды. Президенттің Жарлығымен «Халық алғысы» медалін иеленген волонтерлердің қатарында «Lider.kz» волонтерлік қозғалысының үйлестірушісі Олеся Баимова, «Волонтерлерді қолдау орталығы» фронт-офисінің үйлестірушісі Данияр Дайыров та бар. Сонымен қатар, Зеренді ауданындағы «Мейірім» клубының волонтері Гүлдана Бектұрғанова «Жомарт жүрек» облыстық байқауының жеңімпазы, «Аманат» волонтерлік орталығының жетекшісі Айжан Құсайынова «Birgemiz_Aqmola» байқауында  «Жыл волонтері» деп танылды.  Волонтерлік қозғалыста белсенділік танытып, үздік жоба жүргізгендері үшін «Dobroe serdce – Lider.kz» және «Вера в добро» қоғамдық қорлары да Волонтер жылын үздік нәтижелермен аяқтады. Мұның өзі тұтастай алғанда Ақмола облысы да осы мерейлі биіктен көрінуіне зор септігін тигізді.
Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ, «Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар