Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кәсіпкерлердің мәселелері түсіністікпен шешілуде - АРҚА АЖАРЫ

Кәсіпкерлердің мәселелері түсіністікпен шешілуде

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің деректері бойынша екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарының қарауына Ақмола облысының шағын және орта бизнес субъектілерінен өткен жылы елімізде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты қарыздар бойынша төлемдерді тоқтата тұруға 1332 өтінім түскен.

Кезең ішіндегі төлемдердің жалпы сомасы 14 250,8 миллион теңгені құрады. Оның ішінде 11 772 миллион теңге төлем сомасына 1235 өтінім бойынша кейінге қалдыруды ұсыну мақұлданды. Салық жеңілдіктерімен шамамен 9 миллиард теңге сомасына 20 мыңнан астам кәсіпкер қамтылған. Шағын және орта бизнес субъектілерінен жергілікті бюджетке түсетін салық түсімдері есепті жылдың қорытындысы бойынша 4,9 мил-лиард теңгеге төмендеді.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап микро және шағын бизнес салық төлеуден 3 жылға босатылды. 2020 жылға арналған жергілікті бюджеттің болжамды шығындары 5,3 миллиард теңгені құрады.
«Бизнестің жол картасы-2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде несиелеудің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында кәсіпкерлер үшін қарыз қаражатының түпкілікті құны 6 пайызды құрайды. Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасында несие көлемі 7 миллиард теңгеге дейін ұлғайтылды. Субсидиялау мерзімі 5 жылды құрайды.
«Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасында салалық шектеулер алынып тасталды. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша тауарлар мен қызметтер тізімі айтарлықтай кеңейтілді. Осы бағдарлама бойынша ықтимал несиелеудің жалпы көлемі 1 триллион теңге. Облыс бо-йынша осы бағдарлама шеңберінде барлығы 28,1 миллиард теңге сомасына 197 жоба мақұлданды.
Облыста Ұлттық Банктің шағын және орта бизнесті жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы бойынша айналым қаражатын толықтыруға 8 пайызбен 10 миллиард теңгенің 146 несиесі берілді. Қазіргі уақытта кәсіпкерлерге БЖК аясында өз жобаларын жылдық 6 пайыз өсіммен субсидиялауға мүмкіндік берілді.
Бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына толықтырулар енгізілді. Экономиканың Сovid-19 пандемиясынан неғұрлым зардап шеккен секторларында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары айқындалған. Мемлекеттік қолдауды пайдалана алатын компаниялар мен кәсіпорындардың ішінде бөлшек сауда, қонақ үй бизнесі салаларында жұмыс істейтін шағын орта бизнес субъектілері, туристік агенттіктер, кинотеатр-лар, фитнес-орталықтар, көлікке техникалық қызмет көрсету және жөндеу, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру, тағы басқа тізбеге 29 қызмет түрі енгізілген.
Жалпы, несиелеуді арттыру үшін көптеген шектеулер алынып тасталды, тетіктер жеңілдетілді және сомалар ұлғайтылды. 2020 жылғы қаңтар-қарашада облыс бойынша инфляция деңгейі 6,3 пайызды құраса, оның ішінде азық-түлік тауарлары бойынша 9,6 пайызды құрап отыр.
2020 жылғы қаңтар-қарашада жергілікті азық-түлік тауарларының өндірісі 101,1 миллард теңгені құрады, бұл өткен жылғы кезеңге қарағанда 7,5 пайызға артық. Ет, сүт өнімдері, жартылай фабрикаттар, ұн және басқа да та-уарлар өндірісі артып отыр.
Бүгінгі таңда «KOKSHE» ӘКК» АҚ тұрақтандыру қорында 1425 тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары күріш, қант, 1-сұрыпты ұн, сары май және күнбағыс майы бар. Олар ұдайы сатуға түсіп тұрады.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар