Сайлаудың алдын ала қорытындысы жасалды

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Мұстафина партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауында дауыс берудің алдын ала қорытындылары туралы брифинг өткізді.

Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты және уәкілетті органдардың ұсынымдарына сәйкес брифинг қашықтықтан өткізілді. Брифингте Сәбила Сапарқызы 7-ші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауының алдын ала қорытындыларын жариялады. Оның мәліметінше, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 5,29 пайыз, «Nur Otan» партиясы 71,9 па-йыз, «ADAL» саяси партиясы 3,57 пайыз, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы 10,95 пайыз және «Қазақстанның Халық» партиясы 9,10 пайыз дауыс жинаған.
Ал, Ақмола облысы бойынша «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 9,20 пайыз, «Nur Otan» партиясы 76,49 пайыз, «ADAL» саяси партиясы 1,30 пайыз, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы 2,07 пайыз және «Қазақстанның Халық» партиясы 10,94 пайыз дауыс жинап отыр.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар