Оқушылардың 70 пайызы мектепте білім алады

Ақмола облысы бойынша 431 мектептің оқушылары үшінші тоқсанды бұрынғыдай мектепте бастады. Ал, қалған 124 білім ордасы оқытуды қашықтықтан жалғастыруда.

Үшінші тоқсанды жалпы білім беретін мектептердің 1-інші мен 5-інші сынып аралығындағы оқушылары, халықаралық мектептердің 1-7 сыныптары дәстүрлі форматта екінші тоқсандағыдай кезекші сыныптарда оқитын болды. Сонымен қатар, 300-ге дейінгі оқушысы бар мектептер де дәстүрлі форматта әрі қарай сабақтарын жалғастыруда. Осы тоқсанның басты ерекшелігі, жалпы білім беретін мектептерде 9-11-інші сыныптар және халықаралық мектептерде, Назарбаев зияткерлік мектептерінде 10-12-інші мектеп бітіруші сыныптар оқытуды штаттық форматта жүргізе бастайды.
Бұл жоғары сынып оқушыларының кезекшілік сыныптарының ашылуы оларға ҰБТ-ға, қорытынды аттестациядан өтуге дайындалуға мүмкіндік береді. Аталған сыныптарда пәндердің 70 пайызы дәстүрлі форматта, 30 пайызы қашықтықтан өтетінін, оқытылатынын атап өткен жөн. Штаттық оқытуға қатысты мәселелер жергілікті жерлердегі санитарлық бас дәрігермен бірлесіп шешілген. Оған сәйкес білім ошақтары санитарлық талаптарды қатаң сақтаулары тиіс. Сондай-ақ, бір сыныпта 15 оқушыдан артық болмауы қажет.
– Бүгінде облыстағы 130 мыңнан астам оқушының 70 проценті үшінші тоқсанды дәстүрлі форматта бастады. Екінші тоқсанда 5-інші сыныптарда кезекшілік топтар ұйымдастырылмаған Атбасар, Бурабай, Сандықтау, Жақсы және Целиноград аудандары мен Көкшетау, Степногорск қалаларының мектептері қосылды,– деді облыстық білім басқармасының бөлім меңгерушісі Әсемгүл Сүлейменова.
Сонымен бірге, мектеп асханаларының жұмыс істеу мәселесі облыстың бас санитарлық дәрігерінің шешіміне байланысты болмақ.
Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар