Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа қаулы күшіне енді - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа қаулы күшіне енді

COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында 2021 жылғы 18 қаңтар күні сағат 00.00-ден бастап Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы күшіне енді. Карантин талаптарын сақтап, өзіміздің және жақындарымыздың денсаулығына жауапкершілікпен қарайық!

Қаулыға сәйкес, Ақмола облысының аумағында шаруашылық және өзге де қызмет пен халықтың өмір сүруінің ерекше жағдайларын эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға өңірімізде шектеу іс-шараларының жүргізілуі қамтамасыз етілуі қажет. Ақмола облысының тұрғындары жеке қорғаныс құралдарын (бір рет және бірнеше рет қолданылатын бетперделерді) қолдану және кәдеге жарату алгоритмін және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтауды қамтамасыз етуге тиіс. Отбасылық, естелік (банкет, үйлену той, мерейтой, дұға) және көпшілік жиналатын өзге де іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізуге тыйым салынды. Облыс тұрғындарына қоғамдық тамақтандыру объектілерінде, сондай-ақ, үйде (отбасылық, естелік іс-шаралары (банкет, үйлену той, мерейтой, мерекелік корпоратив, дұға) ұйымдастырылған көпшілік жиналатын іс-шараларға баруға рұқсат жоқ.
Әлеуметтік қашықтықты және жеке қорғаныс құралдарын (бір рет және бірнеше рет қолданылатын бетперделерді) қолдану мен кәдеге жаратуды сақтай отырып, ойын-сауық орындарсыз саябақтарға, алаңдарға, скверлерге және өзге де демалыс орындарына топта 3 адамнан артық болмауы керек немесе бір отбасы мүшелеріне баруға рұқсат берілді. Жерлеу іс-шараларын жүргізу кезінде кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, (отбасы мүшелері) 30 адамнан артық жиналуға тыйым салынды.
Аудандар мен Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдері бұқараралық іс-шараларын (мерекелік, спорттағы көпшілік, ойын-сауық мәдени-көпшілік іс-шараларды, форум, конференция, семинар, көрме және тағы басқаларын өткізуге), отбасылық, естелік іс-шараларды (банкет, үйлену тойы, мерейтой, дұға) және көпшілік жиналатын өзге де іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізуге тыйым салуды, ойын-сауық мекемелері (караоке, бильярд, боулинг орталықтары, компьютер клубтары, түнгі клубтар, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын алаңдары мен аттракциондары, батут және тағы басқалар), букмекер кеңселерінің және ересектер мен балаларға арналған өзге де ойын-сауық орындарының, кальян мекемелерінің (оның ішінде қоғамдық тамақтандыру объектілеріндегі) қызметіне тыйым салуды, банкет залдарының қызметіне тыйым салуды қамтамасыз етуге тиіс. Сонымен қатар, мәдениет объектілерінің қызметіне де әзірге рұқсат жоқ. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде өтетін оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысуы үшін спортшылардың шығуына тыйым салынды.
Кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелері жұмыс істемейді. Жүйелі жүретін облысаралық, қалааралық автобус (микроавтобус) қозғалысы тоқтады. Дегенмен, жеке автокөліктердің өңірлер арасында жүріп-тұруына рұқсат берілді. Кітапхана, мұражай, гүлдер дүкені, фотосалон қызметін жалғастырады. Ал, театр мен кинотеатр қызметі уақытша тоқтады.
Сонымен қатар, бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысында сауда-ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлеріндегі фудкорттардың (жұмыс режимін сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін шектей отырып, тамақты үйге жеткізетін және сыртқа шығаратындай етіп) қызметіне рұқсат беруді қамтамасыз ету, азық-түлік және азық-түлік емес ашық базарлардың қызметіне рұқсат беру, жексенбі күндері қызметті тоқтата тұру, көпшілік жиналатын салтанатты, отбасылық, естелік, ұжымдық және басқа да іс-шараларды өткізбей, жұмыс тәртібі сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін, келушілердің саны 50 пайызға дейін, бірақ, отыратын орын 30-дан артық емес, үстел арасындағы қашықтық 2 метрден кем емес және келушілер арасында 1 метрден кем емес қашықтықты сақтаған жағдайда қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне рұқсат беру жазылған. Әлеуметтік қашықтық сақталған жағдайда, алдын ала жазылу бойынша сұлулық салондары, шаштараздар, маникюр және педикюр қызметтері, косметологиялық қызмет көрсететін объектілер қызметіне рұқсат берілді. Жексенбі күндері олардың қызметтері тоқтайды.
Келушілердің санын 50 пайыздан асырмай және бір адамға 4 шаршы метрден кем емес орын болған жағдайда монша қызметіне рұқсат беріледі. COVID-19 таралуы мен алдын алу жөніндегі іс-шараларға қатысатын ұйымдардан және тіршілікті қамтамасыз ететін кәсіпорындардан, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен және төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлерінен басқа, қызметкерлердің кемінде 80 пайызы қашықтықтан жұмыс атқарады (штаттық кестеде 15-тен астам қызметкер болғанда). Екінші семестрден бастап колледж бен жоғары оқу орындарының I курс студенттерін аралас оқытуға рұқсат берілді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар