Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Киіктердің тебіндігі қардан аршылды - АРҚА АЖАРЫ

Киіктердің тебіндігі қардан аршылды

Бұдан бұрын газетіміздің 2021 жылғы 14 қаңтарындағы санында қалың түскен қардың киіктердің тебіндеуіне қиындық әкелгені туралы жазғанбыз. Осы жағдайдың қалай болып жатқандығы жайлы тағы бір мәрте сөз қозғауымызға тура келіп тұр.

Биыл киіктердің Ақмола жерінде қыстауы қиынға соғып отыр. Бүгінгі таңда республикамызда шамамен 300 мыңға тарта киік бар болса, оның біразы біздің облысымызды мекендеуде. Қаңтардың қатты аяздары мен борандары осы киіктердің табиғи жайылымдарда шөпті теуіп жеуіне көп ауыртпалықтар әкелді. Сөйтіп, осы бір киелі аңдардың жер-жерде әлсіреуі, тіпті өлім-жітімі байқалды. Осынау қиындықтардан олардың бір тобы Қарағанды облысына да ауып кеткен.
Осыған орай, Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының басшысы Лашынтай Дүйсеновке облыс басшылығына киіктерді мұндай жағдайдан құтқаруды сұрап, хат жазуына тура келді. Бұл ретте, 2023 жылға дейін аулауға, браконьерлік жолмен қырып-жоюға тыйым салынған осы бір киелі жануарлардың тебіндейтін жерлеріндегі қарды тазалап, олардың жүріп-тұруына, шөп жеуіне тиісті жағдайлар жасау қажет еді. Өйткені, киіктер қолдан берген жемшөпті аса қорек етпейтін, тек өз беттерімен жайылатын, өз азықтарын өздері тауып жейтін қасиетті жануарлар.
Қазір осы мәселенің дер кезінде көтерілуінің арқасында облыста тиісті шаралар қолданылып, Қорғалжын, Атбасар, Егіндікөл, Жақсы аудандарында техника күшімен киіктер жүретін жерлерді қардан тазартуда біраз жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, киіктерді қыс қаһарынан құтқаруға қосымша жұмыс күштері мен қажетті техника бөлініп, аңшылық шаруашылықтарымен бірге фермерлер көмекке келіп, патрульдік шолу және бақылау шаралары қолға алынды. Киіктер шоғырланған жайылымдарды қардан тазарту жұмыстары одан әрі де бақылауда ұсталуда.
Бұл ретте, әсіресе, қыс басында 25 мыңға жақын киік мекендеген «Қорғалжын» мемлекеттік қорығындағы қолға алынған істерді атап өтуге болады. Жалпы, 2008 жылы елімізде ұзын саны 60 мыңға жетер-жетпес болып қана қалған, соған орай, мемлекеттің ерекше қамқорлығына алынған әрі халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген киіктерді қорғауға жергілікті атқарушы органдардың дұрыс мойын бұрып отырғаны құптарлық. Аумақтық инс-
пекция басшысының хаты осылай көңілді күпті еткен мәселенің оң шешім табуына дәнекер болған жайы бар. Қыс орта тұсынан енді ауып барады. Алда әлі де боранды күндер мен аяздар аз болмайтын сыңайлы. Сондықтан, киелі жануар – киіктердің жағдайы, яғни, олардың биылғы қыстан дұрыс қыстап шығуы қалған уақытта да құзырлы органдардың назарында болады деген сенім мол.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар